Ариане Гранде – 26 жаста!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгін Ариана Гранде үшін айтулы күн! Сылқым 26-ға толып отыр. Қуанышты сәтте, бикешті ең алғаш болып ата-анасы мен ет жақындары құттықтады.

Грандені қалың көпшілік «Грэмми» марапатының иегері, әнші, әсем әуендердің авторы ретінде жақсы таниды. Алайда, ол өнер жолын 15-жасында актриса ретінде түрлі телевиязиялық жобалардан бастағаны көпке беймәлім.

Музыкаға бет бұрған Ариананың, шығармашылығындағы әр қадамы сәтті болды. 2011 жылы жарық көрген тырнақалды «Yours Truly» альбомы бірден Биллборд чартының көшін бастаса, екінші «My Everything» жинағы шет елдерде танылды.

Алайда, арудың бағын жаққан «Thank U, Next» трегі дерсіз! Экс-ғашығына арналған Ариананың бұл әні бірден бүкіл әлемге көз іліспес жылдамдықпен таралған еді. «Темірді ыстық кезінде соқ» деді ме, Гранде танымалдылығы шарықтап тұрған шағында жұмысқа білек сыбана кірісті. Сылқым, «Thank U, Next» альбомын жарыққа шығарып, бүгінде кезекті турнесіне әзірленуде