Жаһандық шоу-бизнесте жаңа есімдер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жас таланттар назарда! Өнер әлеміне қадам басып, есімдері бірден жер жаһанға танылған жұлдыздар жетерлік. Ал бағы жанғандар көші сөзсіз - Billie Eilish -ке тиесілі. «Жыл жаңалығы» атанған 17 жастағы Billie -дің танымалдылығы артқаны соншалық, наурыз айында жарық көрген дебютты әнжинағы миллиондаған данамен таралды. Бойжеткенің ерек образдары мен ән айту стилі де көпшіліктің қызығушылығын оятқан-ды.

Талай жыл тер төгіп еңбек етпей-ақ, атағы шыққандар арасында Lil Nas X-те бар. 20-ға толған серінің алғашқы «Old Town Road» трегі «Биллбордтың» алдыңғы қатарына ене алды. Кантри-рэп жанрымен көпті таңқалдыра алған музыкантқа Майли Сайрустың әкесі – Билли Рэй бірге дуэт жазып, қолдау көрсеткен еді. Ал, кино саласында Эмма Маккей жаңа жұлдыз! Британдық жас актрисаның Марго Роббиге ұқсауы, «Netflix» компаниясына біраз қаражат алып келсе керек. Себебі, Эмма бой көрсеткен телехикаялардың сұранысы күннен күнге артуда.