Ержан Максимның Елордағы концертінде аты әлемге әйгілі музыканттар келеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жас дарындар додасында дауысының диапазонымен дараланып, топ жарған Ержанның танымалдылығы бүгінде ТМД-ға тарады. Атағы аспандағын дүлдүл әнші, таяуда Елорданың төрінде жеке кешін өткізбекші. Ел намысын шет мемлекетте қорғаған өнерпаздың концертін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт минстрлігі қолдаған.

Ержан Максим, жас әнші:

- Дәл қазір жеке концертіме дайындық өте керемет болып жатыр. Көптеген әндер және көптеген жұлдыздармен дуэт.

Бұған дейін Ержанның жеке концерті ауқымды аудиторияның алдында өтпесе де, жас әншінің жүрегі жабырқаулы жандарға ерекше әсер сыйлағаны бар...

Ержан Максим, жас әнші:

- Осы жасқа дейін қаншама рет ән айтып келдім. Оралда да өзімнің концертім болған. Қайырымдылық концерт. Ауылдың бір мүгедек баласына. Сол концерттен түскен қаржыны сол мүгедек балаға бердім.

Өнердегі алғашқы қадамын игі шарадан бастаған Ержанның есімі қазір жарты әлемге мәшһүр. Тіпті, талантты балақайдың концертіне шақырылған мәртебелі меймандардың санатында әйгілі музыканттар мен танымал тұлғалар да бар.

Ержан Максим, жас әнші:

- Қонақ болып келетін Игорь Крутой және де бірге Димаш аға келеді. Валерий Меладзе ағамызға жібердік. Ол бірақ ол күні бос емес болды. Сол үшін бізге келе алмаймын болды.

Сондай-ақ, жас жұлдыздың кешінде Ұлықпан Жолдасов, Сәкен Майғазиев, Айқын Төлепберген және Мөлдір Әуелбекова сынды отандық жұлдыздар өнер көрсетеді.

Ержан Максим, жас әнші:

Бұл әншілердің барлығын өзім таңдадым. Ринат ағамен, Ұлықпан ағамен көптеген әндер жазып жатырмыз қазір концертке. Соның бәрі қазір дайындықтың үстінде қарастырылып жатыр. Қарашадайынан қалың көпшілікке танылған Максимнің кеші live-форматта, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. Бірнеше бөлімнен тұратын концерттік бағдарламада халық әндері, әлемдік хиттер және заманауи шығармалар да шырқалады!