Әйгілі «Queen» тобының көшбасшысы Фредди Меркьюридің табынушыларына тосын сый!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аты аңызға айналған музыканттың жарық көрмей қалған трегіне бейнебаян ұсынылды.

«Time Waits For No One» әнін мұрағаттан тауып алған британдық өнерпаз Дейв Кларк. Алғаш 1986 жылы жазылған туындыны іздеуге бақандай 10 жыл уақыт сарп еткен. Ал, бейнебаян кадрлары «Time» мюзиклінен алынып, заманауи нұсқада әрленген.

Әсем дауысты Эд Шираннан да тың туынды. Оның әншілігі бір төбе!Биден де осал еместігін дәлелдеді. «Cross Me» трегіне бейнебаян таспалаған өнерпазға, хип-хоп орындаушылар: Chance The Rapper мен PnB Rock қолдау көрсеткен.

Бұл әуен Эдтің тек дуэттерден құрылған «No.6» альбомына енеді.

Шон Мендес пен Камила Кабейоның бағы жанды! Қос өнерпаздың бірігіп ұсынған «Señorita» клипі бірер күнде 64 млн-нан аса қаралым жинаған-ды. Бейнебаянның сәтті шыққаны сонша, ғашықтықты сомдаған әншілерді енді жанкүйерлері жарыса жұптастыруда.