Жыл труимфаторы! Жеті бірдей номинацияда топ жарған Карди Би, Дрейктің өзін шаң қаптырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі «BET Awards» шарасы музыка мықтыларын анықтады!

Әлемге танылған өнер иелері «BET Awards» сахнасында! Музыка саласына сіңірген еңбегі үшін танымалдарды марапаттайтын шара, Лос-Анджелес қаласында өз шымылдығын түрді.

Ерекше шоуға толы кешті ашу Карди Биге бұйырған. Ең көп номинация бойынша көш бастаған рэпер қыз, «үздік хип-хоп орындаушы» мен «invasion of privacy» еңбегімен «жыл альбомы» жеңімпазы!

Карди Би, рэп орындаушы:

- Үлкен рахмет! Білесіздерме, мен өзімнің әртіс екенімді сезінген сәтте төбем көкке жетеді. Тіпті, кейде тым әсірелеп жіберетінім бар. Бірақ, бәріне бірдей мінсіз көріну мүмкін емес.

Ал «поп музыкаға қосқан өмірлік үлесі» үшін америкалық соул орындаушы Мэри Джей Блайдж басты жеңістердің бірін иеленді. Өнер иесіне бұл құрметті әнші Рианнаның өзі білдірген еді.

Рианна, әнші:

- Мэри Джей Блайндж, сіз мен үшін үлгі тұтатын жансыз! Мен сияқты қаншама қыздарға музыка әлеміне жол аштыңыз! Барлық нәзік жандылардың атынан алғысымды айтамын.

Сондай-ақ, «Жыл видеосы» Чайлдиш Гамибино, «үздік R & B орындаушы» марапаты Бейонсенің қанжығасында болса, Дрейк рэпер Трэвис Скоттпен бірігіп орындаған «Sicko Mode» трегімен «жыл дуэты» атанды.

«Биллборд» көшінде жүрген Lil Nas X пен Billy Ray Cyrus нағыз ковбойлар кешін өткізгендей. Музыканттардың құрметі бірер ай бұрын көз жұмған

Nipsey Hussle-ға тиесілі. Бақилық болған музыкантқа «ерлер арасынан үздік хоп-хопер» аталымы бойынша жеңіс бұйырған.

Элла май награждение:

«Көрермен көзайымы» ретінде бұл жолы, жас өнерпаз Элла Май танылды.

Элла Май, әнші:

- Не айтарымды білмей қобалжып тұрмын. Себебі, мен бұл жеңісті күтпедім. Егер сезсем жақсылап дайындалып келер едім. Көп рахмет!

«Black Entertainment Television» жобасы музыкамен қоса, кино әлемінің кіл мықтыларын да анықтаумен танымал.