Николь Кидман – 52 жаста!

Сообщить о проблеме с эфиром

Николь Кидманды жанкүйерлері жарыса құттықтауда! Голливуд жұлдызы 52 жасқа толды. Дарынды актриса, әнші, продюсер, Біріккен Ұлттар Ұйымының ерікті елшісі. Әр саланың ауыр жүгін арқалап жүрген өнер иесі бүгінде табысты тұлғалардың бірі.

Киноәлемге небәрі 15-те қадам басқан Николь, жиырма жасында-ақ Голливудта танылды. Кейіннен актриса, Том Круздың асыл жары атанып, жұлдызды жанұя бақытты отбасының біріне айналған еді. Алайда, бұл одақ тек 10 жылға жалғасты.

Ал, Кидманға «Сағат» картинасындағы Вирджиния Вулф кейпікері 2003 жылы «Оскар» мүсіншесін сыйлаған еді.

Елу екіге келген актриса, әзірге өнер саласымен қоштасуға әсте асықпайды. Оның үстіне, соңғы уақытта ұсыныстар толассыз түсіп жатқанда, Кидман да құр қарап қалмақ емес! Актриса жақында ғана Акваменнің анасы атанса, «Кішкентай үлкен өтірік» телехикаясындағы оның шеберлігі көптің талқысында.

Айтпақшы, Оскар иегері бүгінде екінші күйеуі – кантри-әнші Кит Урбанмен ғұмыр кешіп жатыр. Қос ғашық, ортақ некеде туылған екі қызды тәрбиелеуде.