Жазда жарық көретін мультфильмдер!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ойыншықтар хикаясынан» өзге жаз маусымының балақайларға ұсынары мол! Мәселен, «Арыстан патша» кішкентай көрермендермен қауышуға әзір.

1994 жылы жарық көрген әйгілі картинаның ремейгі, туындының 25 жылдығына орай таспаланған еді. Режиссер Джон Фавроның айтуынша, бұл лента бұрынғыдан өзгерек!

Таңқалдырарлық туындының тағы бірі - әйгілі «Саяхатшы Дара» анимациясының желісімен таспаланған картина. Фильмде бүлдіршін қыздың рөлін Изабела Монер сомдаса, оның анасы кейпінде – Ева Лонгорияның өзі.

Балдырғандардың сүйікті кейіпкері – «Өрмекші адам» да, үлкен экрандарға қайта оралмақ! Франшизаның жаңа бөлімінде Питер Паркер сыныптастарымен бірге Еуропаға саяхатқа аттанбақ. Алайда, қаһарман кейіпкерді бұл жолы демалыс емес үлкен жауапты миссия күтіп тұрған еді.

Ашулы торғайлар да киноәлемнен дәмелі! «Angry Birds» анимациялық лентасының екінші бөлімі де, бұл маусымда бүлдіршіндерді қуантпақ. Енді, соғысқұмар құстар жаңа қарсылас Зетамен ашық айқасқа түседі!