Джиджи Хадид «Off-White» көктем-жаз 2020 коллекциясын таныстырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Джиджи Хадидтің шаш үлгісінен бастап, түгел образы fashion сыншыларының қызу талқысында! Себебі, сәнбике дәл қазір Францияда өтіп жатқан, ерлер сән апталығының бас жұлдызы.
Сылқым, «Off-White» көктем-жаз 2020 коллекциясын таныстырды! Карро-дю-Тампль базарының қақ төрін, гүлдер жұмағына айналдыру брендтің бас креативті директоры Вирджил Аблоға тиесілі.

Граффити, көше сәні! Дизайнердің шабыт алған дүниелер осы! Оверсайз күртешелер, плащ пен костюмдер түгелдей дерлік түрлі жазулармен көмкерілген.

Ерлер сән апталығына келгендердің образдары сан қилы. Стрит стайл – деним, классика һәм кэжуалдан тұрады. Акссесуарларға келсек, ерлердің үлкен сырға мен жуан алқа тағы да – маст-хэв! Биыл дреды да сәнде дерсің.

Қаптаған қара құрым халық арасында Қытайлық танымал жұлдыз Ли Вэнь Хань да ерекше көзге түсті. Актер «Off-White» сән көрсетілімдерінің тұрақты мейманы!