Жиырма жылға жуық ғұмыры бар «Орданың» әлі күнге дейін қыр-соңынан қалмай жүрген хэйтерлері кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

2000-шы жылдары отандық эстрадаға тыңнан түрен салған топтың жұрттан жасырған құпиясы қандай?

«Орда» тобы отандық шоу-бизнеске алғашқы қадамын жасаған сәтте, бірден сынға ұшыраған. Өйткені, бойзбендтің болмысына үйренісу сырт көзге оңай соқпаса керек. Десе де, бұл жайсыз жағдай ағайындылардан құралған жігіттердің жігерін жанши алмаған.

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:

- Біз сыйлап, тыңдайтын музыканттар болды. АБК сияқты, Батырхан сияқты. Бірақ біз ол музыкаларға еліктемедік. Біз еліктеген, көбінесе нақты тыңдаған музыкалар – шет елдің музыкасы болды! Сол себепті біздің «Кеш мені» әніміз өзгеше болды Қазақстан музыкасында! Біздің жалпы «Орданың» жолы әрқашан өзгеше боп жүрген себебі сол.

Әуелде бұл бозйзбендке жатырқай қарағандардың басым бөлігі – әріптестері. Танымалдар тыңнан түрен салған топтың сахналық стилін сынға алып, музыкалық бағытынан да ілік іздеген көрінеді. Бір қызығы, жиырма жыл өтсе де хэйтерлер тарапынан айтылған кереғар пікірлер әлі күнге дейін толастар емес!

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:

- Әріптестердің арасында да біздің музыканы қабылдамау деген әңгімелер өкініше орай бар. Тіпті «Орданың» мүшелері емес, продюсерік жобаларының да музыкасы, олардың өзі де қабылданбай жатыр кейбір әріптестердің ойларынша. Ол енді өкінішті жағдай.

Иә, «Орда» мен «91» тобының тағдыры ұқсас! Түрлі кезеңді бастан кешкен өнерлі ұжым, бүгінде айтқанынан қайтпақ емес!

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:

- Менің ойымша біз бір-біріміздің музыкамызды жамандап, бір-бірімізге үйретпеуміз керекпіз. Ақыл айтпау керекпіз. Әркім өз жолымен және сыйластық болу керек!

Ал, отандық эстрадаға дүмпу әкелген «Орда» тобы, келер жылы 20 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтпек ниетте!