Джо Джонасқа жақындары өкпелі

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана сүйіктісі Софи Тернерге құпия түрде үйленіп алғанынан ата-анасы бейхабар болса керек. 1-ші мамыр күні Лас-Вегаста кішігірім той өткізген қос ғашықтың қуанышты жаңалығын туыстары тек инстаграм арқылы көрген.

«Jonas Brothers» тобының мүшесі бұл қылығы үшін жақындарынан ресми түрде кешірім сұрады.

Крис Браун екінші мәрте әке атанбақ. Музыканттың экс-ғашығы Аммика Харристың аяғы ауыр көрінеді. Бикеш өзінің сәби күтіп жүргенін хабарлаған сәтте, Кристің көңіл қосқан қазіргі сүйіктісі оны тастап кеткен. Алайда, сері үшін бұл үйреншікті жағдай. Себебі, оның бірінші қызы да некесіз туған еді.

Дженнифер Лоуренс басты ролді сомдайтын «Голодные игры» туындысының жалғасы таспаланбақ. 2012 жылы жарық көрген лентаның кезекті хикаясы, 64 жылдан кейінгі оқиғаны баяндайды.

Бұл жолы да Лоуренс басты ролде. Актрисаның бағы кезінде дәл осы фильммен жанған еді. Ал, жобаның өзі, 2020 жылдың мамыр айына жоспарлануда.