БЕЛЛА ХАДИД пен THE WEEKND АТ ҚҰЙРЫҒЫН ҮЗІСТІ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Баянсыз махаббат! Белла Хадид сүйіктісімен тағы да қош айтысты. The Weeknd сәнбикенің арасынан «қара мысық» өткенін инсайдерлер жарыса хабарлауда. Еске салсақ, жұлдызды жұп 2015 жылдан бері, бірнеше рет айрылысып татуласқан-ды.

Ал, голливудтың ең әдемі жұбының екі жаққа кетуіне сеп болған - олардың тығыз жұмыс кестесі екен.

Джордж Клунидің басы дауға қалды. Франческо Галделли есімді тісқаққан айлакер, 5 жыл бойы, танымал актердің атын жамылып, заңсыз бизнеспен айналысып келген. Джордждың есімімен жасанды сағаттар сатқан ол енді тұқтынға түсті. Франческоға алданған жандар болса, Клуниден өтемақы талап етуде. Актердің өзі бұл жайғдайдан мүлдем бейхабар.

«Marvel» қаһармандары үлкен экрандарға қайта оралды! Әйгілі киностудия «Кек алушылар: Соңы» картинасын тағы бір мәрте прокатқа шығармақ. Мұндай жаңалықпен бөліскен компания президенті Кевин Файги, фильм табынушыларына жаңа эпизодтарды көруге мүмкіндік беретіндерін айтты.

Лента маусымның соңынан бастап, әзірге АҚШ-та ғана үлкен экрандарға шығады. Жоба авторлары осылайша, «Аватар» фильмінің кассалық табыс рекордын жаңартпақ. Ол үшін суперқаһармандарға прокаттан 44 млн АҚШ долларын жинау қажет.