Әлемдік киносарапшылардың көңілінен шықпаған, «Қара киімді адамдар: Интернэшнл» фильмі отандық прокатта көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киномандар үшін өткен уик-эндттің үздік фильмі - «Қара киімді адамдар: Интернэшнл». Фантастикалық лентаның кезекті бөлімі, айналымдағы алғашқы аптада 88 млн теңге қаржымен бірінші орынға жайғасты.

Крис Хемсворт, Лиам Ниссон сынды танымал актерлық құраммен жасақталған лента, өзге ғаламшарлық тыңшылардың хикаясын суреттейді. Алайда бұл туындыны, киносарапшылар 100-ден 24 пайызға бағалап отыр.

Төртінші апта қатарынан ТОП-3-тіктен түспеген «Үй жануарларының құпиясы 2» 65 млн- теңгеге жуық қаржымен қанжығасын қампайтты. Екінші сатыға қайта көтерілген анимция, үйдегі жануарлардың қызықты оқиғасы жайлы.

«Marvel Comics» ұсынған «Икс адамдарға» арналған фильмдердің 12-ші бөлімі үштікті түйіндейді. 38 млн теңге кіріс көрген картина, қара феникске айналатын Джин Грейдің хикаясына негізделген.

Фантастикалық туынды, киногер Саймон Кинбергтің режиссер ретіндегі дебюттық жұмысы.