XXXTentacion жайлы деректі фильм жарық көреді!

Сообщить о проблеме с эфиром

XXXTentacion жайлы деректі фильм жарық көрмек! Тура бір жыл бұрын бақилық болған америкалық рэперге арналған картинаның алғашқы трейлері ұсынылды.

Еске салсақ, небәрі 20 жастағы өнерпаз былтыр Майамидің қақ ортасында оққа ұшқанды. Тек, өнер иесінің өлімі әлі жұмбақ күйінде қалып отыр.

Tentacion есімімен танылған Джасей Онфройға фильм арнау, продюсері Джон Каннингемнің идеясы. Туындыда музыканттың сахнадан тыс өмірі және достарымен қарым-қатынасы баяндалады.

Бүгінде Джасейдің артында қалған бір ұлы бар! Өкініштісі сол, сүйіктісінің аяғы ауыр екенінен бейхабар күйде рэпер бақилық болып кетті. Сондықтан да, музыканттың атұстары мұрасыз қалған. Оның қалдырған өсиетнамасына сай, бар дүние мүлкіне анасы мен кіші бауыры Эйден иелік етіп қалған.

Қайтыс болғаннан кейін атағы асқақтап, табысы ұлғайған марқұм жақында «Forbes»-тың «ең бай жұлдыздар» қатарына кірді. Оның туындыларына деген қызығушылықтың артқаны сонша, мұрагерлерінің шотына 4 млн АҚШ доллар көлемінде пайда түскен.

Ал, Tentacion туралы лентаның жарық көретін күні әзірге белгісіз.