ТЕЙЛОР СВИФТ РЕКОРД ОРНАТТЫ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тейлор Свифт кезекті рекордын орнатты! Америкалық әнші табынушыларына су жаңа трек ұсынғаны сол-ақ еді, тыңдалымы бірден 5 миллионнан асып үлгерген.

Осылайша, кантри-поп орындаушының «You Need To Calm Down» атты тың туындысы, «Spotify» музыкалық чарттың көшін бастады.

Ұзақ үзілістен кейін шығармашылығын қайта қолға алған «Грэммидің» төрт дүркін иегері, аталмыш әнге бейнебаян да таспалап қойыпты. Сылқымның клипінде, Райан Рейнольдс, Сиара, Эллен ДеДженерс және Адам Ламберт сынды танымал жұлдыздар бой көрсеткен. Туынды тыңдарманның талқы таразысына бүгін кешке салынады.