Назима, МOT және Pentagon! «Star of Asia – 2019» фестивалі өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Серікқазы Аязбаев, тілші:

- Star of Asia – 2019 халықаралық фестивалі шымдылығын түрді. Жаһан жұлдыздары мен отандық әртістер бас қосатын ауқымды шоудың тосын-сыйларын дәл қазір толығырақ тарқатамыз.

«Star of Asia» - креативті көзқарастар мен ерекше идеяларды тоғыстыратын музыкалық алаң. Ауқымды шоудың биылғы мақсаты: жалынды әрі дарынды жастарды дәріптеу. Концерттік бағдарламада отандық эстрадада орнын тапқан өнерпаздар мен инстаграм жұлдыздары жұптасып ән шырқады. Мәселен, опера әншісі Зарина Алтынбаева мен қазнетке «Parfumer»лақап атымен танылған рэпер, Батырхан Шүкеновтің «Отан анасын» тың интерпритацияда орындады!

Серікқазы Аязбаев, тілші:

- «Отан ананы» айту қаншалықты қиындық туғызды?

Parfumer, рэпер:

- Маған негізі ол әнді айту мәртебе ғой. Маған ұсынғанда бірден келісіп, рэп жазып тастадым. Мен Батырхан Шүкеновті өзім өте сыйлаймын. Оның «Джулия» дегені әні ұнайды маған. Аңыз ғой ол, аңыз!

«Star of Asia» сахнасында тыңнан түрен салған танымалдардың тыңдарманға деген тартулары көп-ақ! Осы уақытқа дейін ұлттық дәстүрді ұлықтап, қазақы бағыттан танбаған «Алашұлы», бұл шоуда әйгілі Бруно Марстың әнін шырқады.

«Алашұлы» тобы:

- Менің өзім стилім, жалпы мен Бруно Марсқа еліктеймін. Шаш үлгім топқа келген кезде сондай болған.

Медеу мұз шатқалындағы музыка мерекесіне арнайы ат басын бұрған жұлдыздардың санатында – аты жарты әлемге мәлім әйгілі DAN BALAN, ТМД-ға танымал Согдиана және «Black Star» лэйблының белді мүшелері Мот пен отандасымыз Назима да бар.

Нazиma, әнші: /Ресей/:

- Керемет! Қазақстан мені шіркін күшті қабылдады! Үлкен рахмет, бәрін жақсы көремін.

«Жастар жылына» бағытталған концерттік бағдарламаға «КешYOU» бұрымдылар дән риза. Өйткені, жаңа құраммен жасақталған ұжымның өрімдей қыздары бұрын-соңды мұндай шараға қатыспаған. Мүсіншені де алғаш рет ұстауы.

KeshYOU тобы:

- Бүгінгі фестиваль халықаралық болғандықтан, алыс-жақын шет елдермен біздің қазақстандық өнер жұлдыздарының тоғысуы.

Отандық әртістердің бір тобы шет елдік әріптестерімен бір сахнада өнер көрсетуді мәртебе тұтса, енді бір легі жаһан жұлдыздарына жатырқай қарап, оларға деген өкпе-ренішін де жасырмады.

Бейбіт Көшқалиев, әнші

- Маған бір ұнамайтыны кішкене мына шет елден келгендерде бір менсінбеушілікке пе, сондай бір нәрсе болады. Сол сезіледі.

Біздің елдегі фанаттарына қазақша сәлем берген бұл бойзбендті көп күтті көпшілік. Оңтүстік Кореядан келген «Pentagon» ұжымы – «Star of Asia» халықаралық фестивалінің биылғы хэдлайнері.