Бред Питт

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жыл талай арудың арманына айналған, голливуд серісі Бред Питт үшін де табысты болмақ.

Актердың қатысуымен таспаланған бірнеше кинокартина көрерменімен қауышуға сақадай-сай. Соның бірі – «Жұлдыздарға» фильмі! Киногерлер, ыстығы басылмаған су жаңа туындының трейлерін ұсынды.

Ғылыми-фантастиканың сюжет желісі бойынша астронавт Рой МакБрайд Күн жүйесінің шекарасынан шығып, космосқа аттанады. Мақсаты - тылсымға толы кеңістікте жоғалған әкесін табу. Ет жақынын іздеуге кіріскен ол, нәтижесінде Жер шарын жойылудан құтқару миссиясына атанады.

Лентада сондай-ақ, Лив Тайлер, Дональд Сазерленд, Рут Негга мен Джон Орти те төбе көрсетпек. Әуел баста, фильм 2018 жылы жарық көруі тиіс еді. Алайда, киногерлер межелі мерзімге үлгермей, енді көптен күткен картина 2019 жылдың күз маусымында назарға ұсынылмақ!