Тимати екінші мәрте әке атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейлік рэпер сүйіктісі Анастасия Решетованың аяғы ауыр екенін ресми түрде мәлімдеді.

Талай уақыт табынушыларынан бұл жаңалықты жасырып келген қос ғашық, әлеуметтік желіге ерекше фотосессияларын жариялады. Енді, «Қара жұлдыздың» табынушылары сәнбикенің босанатын мерзімін топшалап, таласқа түсуде.

Көпбалалы әке Криштиану Роналдудың басынан қара бұлт арылмады. Өткен жылы қыз зорлады деп айыпталған аяқдопшының мәселесі майшаммен қайта қаралуда. Спортшыға 2009 жылы Нью-Йорк қаласында орын алған оқиға бойынша шағым түскен еді.

Кэтрин Майорга есімді бикештің намысын аяққа таптады деген Роналду, сылқымға 375 мың доллар беріп, үндемеуін талап етіпті. Ал Кэтрин болса, футболшының заң алдында жауап бергенін қалап отыр.

Тайга, Крис Браун мен Джей Балвин қосылып сауық-кешін өткізді. Талантты музыканттар су жаңа бейнебаяндары үшін арнайы пати ұйымдастырған. Күні бүгін жарық көрген видеоклип бірер сағатта 3,5 млн-нан астам қаралым жинап үлгерді. Жігіттердің ортақ «Haute»трегі Тайганың жуырда ұсынылатын «Legendary»альбомына енеді.