«Азия» мен «Бақай» өздерін сынға алған Қайратты сабасына түсірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Опмай-опмай» орындаушылары қаралым жағынан да Нұртастың ұлын тақтан тайдырды!

Азия мен Бақай әуелі жеңіл-желпі әндерді астарлы әзілмен әжуалап «Опмай-опмай» клипін жарыққа шығарды, ізін суытпай қоғамдағы тағы бір өзекті тақырыпты тілге тиек етті.

Алайда, жігіттердің жаңа видеосы Қайрат Нұртасқа жақпай қалса керек! Хитмен шет елде жүріп, инстаграм арқылы ренішін білдіріпті.

«Азия» & «Бақай»:

- Ол өзінің ойын айтса, ойын білдірсе, оны тыңдауға біз керекпіз. Сын түзелмей, мін түзелмейді дейді. Дегенмен, халықтың көңілінен шығып жатса, не дейсің енді...

Тыңнан түрен салған екі топтың еңбегіне әріптестерінің берер бағасы сан түрлі. Мәселен, Мақпал Жүнісова «Опмайдың» болашағына былай болжам жасаса...

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

- Мәңгілік ән болып қалады деп, айтуға да болады, айтуға да болмайды. Бұл жерде кластастар қайда дегені болмаса, қалғандарын білмеймін енді.

Кредиттің кесірін білетін жұлдыздар, жігіттердің жаңа қадамын қолдап әлек.

Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор:

- Қазақстандықтардың барлығы кредитке байлаулы деп ойлаймын. Кіммен сөйлессең де, бәрінің басында кредиті бар. Сондықтан шын мәнісінде дұрыс тақырыпты алып тұр ғой жігіттер!

Абырай болғанда, желідегі жанжалдың соңы «Азия» мен Бақай» үшін жақсы жаңалықпен тәмамдалды! Осы уақытқа дейін қаралым жағынан Қайрат Нұртастың клипі көш бастап келген еді. Енді «Опмай-опмай» 40 миллион көрсеткішпен хитменнің видеосын шетке ысырған! Бұл жетістік қос бойзбенд жігіттерінің жеңісі.

«Азия» & «Бақай»:

- Бір әншінің таланты аздау болар, бір әншінің таланты көптеу болар. Бірақ барлығының ойы – халыққа жақсы қуаныш сыйлау! Кішкене болса да ғажайып күйге бөлеп, ғажап дүние сыйласа бәрінің арманы сол ғой. Демек, біздің таңдап алған мамандығымыздың мақсаты – адамға қуаныш сыйлау!