Кассалық жиын

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киномандар көңілінен шығып, өткен уик-эндте ең көп кассалық қор жинаған картиналардың ТОП – үштігі анықтылды. Бұған дейін, тек екінші сатыны ғана місе тұтып жүрген, «Үй жануарларының құпиясы 2» мультфильмі бұл жолы үздіктердің көш басында тұр.

260 млн-нан аса қаржы жинап үлгерген анимациялық лента, су жаңа хикаямен үлкен экрандарға қайта оралған еді. АҚШ, Франция және Жапон елдері бірігіп түсірген картина үй жануарлары мен олардың иелері арасындағы қызықты оқиғаны баяндайды.

«Годзилла 2: Құбыжықтар патшасы» фантастикалық фильмі бұл аптада 166 млн кіріс көріп, екінші орынға жайғасты. Сюжет желісінде, алып маймылдардың өзара шайқасы, күллі әлемге қауіп төндірмек. Жас актриса Милли Бобби Браун басты ролді сомдайтын лентада, Кинг Гидораның зұлымдығы суреттелген.

Ал, режиссер Гай Ричидің әйгілі «Аладдинге» түсірген ремейгі 106 млн пайдамен үшінші сатыға жайғасты. Уилл Смиттің өзі бой көрсеткен мюзикл, актердің әншілік қырын қайта паш еткен-ді.

Жынның образындағы талантты аттер, ханшайым Жасмин мен тазша бала Аладдиннің хикасына қызығушылықтар танытқандар саны өткен уик-эндттен қарағанда сәл бәсеңдеу! Себебі, «Аладдин» прокатқа шыққан алғашқы аптада-ақ табысымен топ жарған болатын.