Хип-хоп әлемінде есімдері дүркіреп тұрған рэперлерге деген сұраныс күн санап артуда.

Сообщить о проблеме с эфиром

Талантымен көпті тәнті ете алған өнерпаздардың бірі 20-ға енді толған Lil Nas X. Бозбала өзінің алғашқы «Old Town Road» трегімен-ақ «Биллбордтың» көшін бастап, өзге музыкалық чарттарда үздіктер қатарына ене білді.

A Boogie есімімен етене таныс Дж.Дубоуздың да тректері хит. 23 жастағы әнші жігіттің туындылары «Times» басылымының пайымымен «үздік» атанған. Ал рэпердің альбомдары табыстылар тізімінде. Дубоуздың өнеріне Эминем сынды әйгілі музыканттар үлес қосқан.

Рэпер J. Cole-да жас музыканттардан құр қалмақ емес. Американдық хип-хоп орындаушы «The Come Up» альбомын жарыққа шығарған сәттен бастап, атын таныта алды.

Бейнекелиптері 70 млн-ға жуық қаралым жинап жүрген сері «Грэмми» мараптын да қанжығасына байлаған. Рэпердің соңғы «Middle Child» трегі, қазіргі таңда тыңдалымы жоғары туынды.