Billboard

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, «Billboard» чарты сатылым мен тыңдалымы жағынан топ жарған, үздік альбом иегерлерін анықтады. Ең қызығы, музыкадағы кіл «сен тұр мен атайындар» арасында «Аладдин» фильмінің саундтректер жинағы оза шапты! Туынды аз уақыттың ішінде 38 000 данамен таралып үлгерген.

Әрине, анимацияға арналған бұл альбом, үздік атанбай қайтсін? Оны дүниеге әкелу үшін Наоми Скот, Уилл Смит, Зейн сынды әсерлі де әсем дауыс иегерлерінің өзі ат салысқан еді.

Биллборд тізімінен табылып, таңқалдырғандардың тағы бірі - Moneybagg Yo. Хип-хоп орындаушының жаңа жинағы 10 күн бұрын ғана жарық көрсе де, туындыны 40 000 тыңдарман таласа иемденген. Еске салсақ, бұл рэпердің тек екінші студиялық альбомы.

Үздіктер үштігін «YG» тұйықтайды! Америкалық адуынды хип-хоп орыдаушының «4Real 4Real» альбомы да мықтылар көшінде.