Әлемге әйгілі «Комикон» фестивалі Қазақстанда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше аурухана төсегіне таңылды деген Тимур Бекмамбетов «Комикон» фестивалінің басты меймандары қатарында төбе көрсетті. Жалғыз емес! Кеш қонақтары, «Тақтар ойынының» актері Пилу Асбектен автограф алу үшін сағаттап кезекте тұрды!

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Әлемге әйгілі «Комикон» фестивалі Қазақстанда! Қазір біз шараның халқаралық студиялар алаңқайындамыз. Мұнда Марвел, Тақтар ойыны, Никелодеон, Дисней, қысқасы іздегеніңнің бәрі бар! Тіпті, Темір адамды кездестіріп қалсаңыз еш таңқалмаңыз.

«Comic-Con» – АҚШ-тың Сан-Диего қаласында жарты ғасырдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестиваль. Шара әуел баста, комикске арналғанды. Кейін ол телехикая, аниме, манга мен видеоойындарға деген қызығушылығы ортақ жандардың басын қосатын үлкен алаңға айналды. Қазақстан, бүгінде «Comіc con»-ды өткізуді қолға алған Орталық Азиядағы тұңғыш ел атанып отыр.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Сіз комикс оқығанды жақсы көресіз бе? Қазір біз комикске арналған алаңқайдамыз! Мұнда тіпті «Томириске» арналған комикс та бар екен!

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Ал, мына алаңқай нағыз видеоойындар десе, ішкен асын жерге қоятын жандар үшін! Кіріп көрейік Тыныш, бөгет жасамайық!

Мадина Дәулетқызы, тілші:

«Комиконда» жұлдызды қонақтар да жетерлік! Біз Ләйлә Сұлтанқызын кездестіріп қалдық! Қош келдіңіз.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

– Рахмет көп! Енді Комикон туралы танысып, барлығын білген болатынмын. Кіші ұлымды ғана алып келе алдым. Оны қызықтырған айтайын ба не? Бұл киберспорт, ол жаңағы гамбит командасын, Мол, Хоббит кім бар тағы, Амбрэ соларды жақсы көреді. Мүмкін болашақта киберспортмен бола ма.Енді ұлыңыз қайда? – Ойбай менің ұлым қашып кетті. Ол түскісі келмейді, ыңғайсызданады, ұялады.

Comic Con Astana-да көптің назарын аудартқан қонақтардың тағы бірі – Тимур Бекмамбетов болды. Режиссер жары - Наталья Фишманмен қол ұстаса келген еді. Дегенмен, қос ғашық шарада көп бөгеле қойған жоқ. Көзге түспей, бой тасалап үлгерді.

Біз болсақ, ары қарай шараны аралауға кірістік.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Ал, киноалаңқайда қандай қызық болып жатыр екен? Оны бірге барып, тамашалайық. Байқағандарыңыздай мұнда грим жасалынып жатыр.

Кейіннен, бұл бейне қандай да бір кинокейіпкерге емес, түркі халықтарының фольклорында кездесетін «Албастының» бейнесі екенін білдік.

Comic Сon-да қызықтырарлық дүниелер бұл ғана емес! Шара аясында шетелдік және отандық танымал блогерлер фан-кездесулер ұйымдастырса, «EQ» және «Ninety One» топтары жанкүйерлерін әсерлі концертпен қуантты.

Олай болса, «Comic Con Astana»-ға келесі кездескенше дейміз!