Назарда Ninety one!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бойзбенд енді мүлде жаңа қырынан танылмақ па?Ал, иглзды көп күттірген камбэк қашан?

Бұл күндері «Найти уан» -дықтар өте көңілді! Себебі, алты ай үнсіздіктен соң жігіттердің «камбэк» ұсынар күні қыр астында. Бойзбенд, жанкүйерлерін енді көп күттірмейміз деп уәде беруде.

«Ninety one» тобы:

- Қазір біз клип түсірмей кеттік. Киноға түсіп кеттік, сериалға түсіп кеттік. Кітап жазып жатырмыз. Қалжыңдаймын. Камбэк, жақын арада болады. Осы негізінде, қазір өлеңдер тректер жазу үстіндеміз. Камбэк әрине, клиппен болады, бейнебаянмен.

Иә, расымен, Ace киноөндіріске қадам басты! Мемберді таяуда отандық картиналардың бірінен көреміз! Оның актерлік шеберлігінің сынға салынуы алғаш емес. Сондықтан, бұған дейін жинаған азды-көпті тәжірбисіне сүйеніп, өз рөлін сомдап шықпақ.

«Ninety one» тобы:

- Мен киноға түсіп бастап көріп жатырмын. Өзімді сынап, қалай болады екен деп, Ерболат ағаның рұқсатымен. Киноға түскен маған өзіме ұнайды екен. Өзіңді ерекше, басқаша сезінеді екенсің. Творчествоңды басқа жағынан көрсете алады екенсің.

Найнти уандықтардың жағымды жаңалығы мұнымен шектелмейді! Жайма шуақ жаздың күндерінің бәрін жағажайда емес, иглздың ортасында өткізуге ниетті.

«Ninety one» тобы:

- Алдағы уақытта тур болады сол. Жазда автобуста өткізетін ойымыз бар. Қазақстанда өткіземіз әрине, тур Қазақстанда болады. Бірақ, басқа жақтарға да барып қалуымыз мүмкін. Оны нақты айта алмаймын, бірақ жоспарларда бар.

Қысқасы иглз, сіздерді алда түрлі тосын сый күтуде! Тек, сәл шыдап, сабырлық танытсаңыз болғаны.

«Ninety one» тобы:

- Бәріңізді жаздың келуімен құттықтаймын. Және де жаз өте ыстық болады деген уәде беремін. Себебі, біз үлкен нәрселерді дайындау үстіндеміз. Иглз, күтеміз!