Миллиондық Мансар кино түсіру үшін үйін сататындарды сынға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кино түсіргеннен шлакоблок түсірген артық», - дейді жайдарманшы, кинопродюсер Есқара Бейбітов. Алғаш веб-сериалдан бастау алған тәуіп образы бүгінде толықметрге айналып, көпшіліктің назарына ұсынылып үлгерді. Айтуынша оны бұл қадамға итермелеген жайдарманшы бауырлары «Миллион» командасы.

 

Қанат Тасхан, актер, жайдарманшы:

Өте тамаша! Балалар тамаша. Қуанамыз. Біздің бауырларымыз, достарымыз. Бірі жайдарманшы үзеңгілес бауырымыз, бірі ініміз артымыздан ерген. Осы біздің сериалымыздан танылып, екеуі арнайы осы төл туынды шығарып, бармағы бірігіп бүгін қалың қазаққа «Тәуіп пен Шәріп» деген төл туынды ұсынып жатыр.

– Енді жалпы, «Миллион» командасы боп сіздердің тараптан қандай көмек көрсетілді осы фильмге?

– Ең бастысы тілеулеспіз ғой. Енді көрсеткен көмегімізді айтпай-ақ қояйық, оны міндет қылғандай болып...

 

Миллиондық жолдастары қанша жерден көмегін аямаса да, фильм авторлары біраз сынақтан өткен көрінеді. Басты кейіпкердің денсаулығына қатысты түсірілімді 15 күнге шегеруге тура келген. Осының салдарынан локацияларға төленген 10 миллионға жуық қаржы қайтарылмай, қалтамнан қағылдым дейді кинопродюсер. Десе де, оны уайымдататын басқа жәйт.

Есқара Бейбітов, кинопродюсер, жайдарманшы:

– Бізде Жайдарман ойнап жүрген кезде әзіл мен әзіл бірдей боп қалаты. Ал киномыздың идеясы мен өзге фильмнің идеясы бірдей боп қалады дегенмен алғаш кездестім. Кіммен тепе-тең боп қалғанымды айтпай-ақ қояйын. Бірақ, фильмдеріміз ұқсасболып қалды, олар бастап қойған бірінші, сосын мен үндей алмадым. Сол үшін кішкене шығынға ұшырадық...

 

Әзірге кім-кімнен көшірме жасағаны белгісіз. Кинопродюсер болса, бәсекелестерінің алдын орап, туындыны бірінші шығарғанына қуанышты. Еске салсақ, киноөндіруші тырнақалды туындысы үшін үй салуға жинап жүрген ақшасын толықтай фильмге жұмсап, жақсы қаралым жинайды деген сенім білдірген болатын. Бұл сөзіне қатысты «Миллион» командасы мынадай пікір айтты:

Қанат Тасхан, актер, жайдарманшы:

Revue жаңалықтары. Бізбен бірге болыңыздар. Есқара мырза, бұл фильмді енді көбі үйін сатып түсіріп жатады, сіз неңізді саттыңыз? Бүйрегіңізді, ар-намысыңызды?
Есқара Бейбітов, кинопродюсер, жайдарманшы:

– Мен бар ұятымды жиыстырып қойып, сол арымды саттым...

Мансар Орынхан, актер, жайдарманшы:

– Бұлар бір қазақ фильміне, қазақ киносына үлес қосайық деп түсірген жоқ, просто есіл-дерті ақша, ойбай біз де байиық Миллион командасы ұқсап деп.

Фильмнің негізгі идеясы: алаяқтарға алданбау, арам ақшадан сақ болу. Күлдіріп отырып, ойлы месседж жеткізе білген туынды енді үлкен экранда. Ал алғашқылардың бірі болып көргендер мынадай әсерлерімен бөлісті:

 

Жанқош Тұраров, кәсіпқой боксшы:

– Отбасылық жағдай, үйлестіріп дейді ғой, солардың бәрін келтіріп, соны әзілге айналдырып отырып түсірген кино. Керемет, ұнады маған.

Жасұлан Әйтен, актер, жайдарманшы:

– Күлкімен қатар айтар ойы бар үлкен фильм. Барлықтарыңызға кеңес беремін. Келіп көрсеңіздер болады.