Рэпер NE1TRON q-pop әншісі ADEMI-мен фит жазды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Ғабдысадырқызы, @sheslana_kusainova

«Бұл жай ғана comeback емес, жаңа деңгей». Дәл осылай деген DNA тобының экс-солисті Нейтрон шығармашылығына белді бекем буып кірісті. Оған дәлел 2 апта бұрын жарық көрген «Боз жорға» атты бейнебаянының ізін суытпай, кезекті бейнетаспаның түсірілімінің бастау алуында. Бірақ бұл жолы артист жалғыз емес.

 

ADEMI ән әлеміне енді қадам басқан жас әнші. Өнерпаз еліміздегі ауқымды музыкалық жобада алғаш рет көптің көзіне түскен еді. Ал бүгінде, сахнаға қайта оралған NE1TRON-мен «Қайтала» әніне бейнетаспа ұсынды

NE1TRON, музыкант, рэпер:

– Коннект қалай болып жатыр?

– Әдемінің дауысы керемет. Дауысы да әдемі, өзі де әдемі, әні де әдемі. Бәрі әдемі. Аты затына сай.

ADEMI, музыкант:

Негізі Нейтронды «Qara beri» жобасынан бері танимын, білемін. Ерекше бір фанаттарының бірі болдым. Мен үшін бұл үлкен арман және ол арман мақсатқа айналды. Қазір бірге жұмыс жасап жатырмыз.

 

3 жылдық үзілісінде Айбек ән жазуды тоқтатпаған. Оған дәлел оның бірінен соң бірі шығып жатқан бейнетаспалары мен релиздері. Әдетте тректерін толықтай өзі жазатын музыкант бұл жолы да мәтін авторы болу құқығын ешкімге бермеген:

NE1TRON, музыкант, рэпер:

– Кім жазды? Авторы кім? Қанша уақыт жазылды?

– Мәтінін жазған мен. Әнін жазған мен. Ары кетсе бір жарым апта ішінде жазылды.

 

Айта кетейік, танымал әнші Ayree-дің жұбайы Нұркен Қасымов режиссерлік еткен бейнебаян Шанхайда бастау алған. ADEMI-нің бірқатар сахналарын шетел локациясында түсіруді ұйғарған продюсердің бұл ойы аруымыздың шабыт алуына себеп болған сыңайлы:

ADEMI, музыкант:

– Қазақстаннан қарағанда шетелде бейнебаян түсірген жеңілірек екен. Себебі еркіндік бар. Жаңағыдай шабытымыз ашылып. Қандай локация болсын барлық жер өте әдемі, өте әсерлі болды.

 

De Lakure, ZAQ, NE1TRON. Дәл осы таланттардың өнерін сүйетін тыңдарман үшін керемет жаңалық! Соло әншілер енді boysband ретінде өнер көрсетпек.

– De Lakure, ZAQ-бірге микстейп жазып жатыр екенсіздер. Қашан жарыққа шығады?

NE1TRON, музыкант, рэпер:

– Оған енді біз деген алдында ғана 1 күннің ішінде 10 ән жазып тастадық үшеуіміз жиналып. Енді қазір біз битімен сведения, запистары деген сияқты дүниесі қалды. Бірақ та бір қызық нәрсе біз ZAQ, De lacure, Neitron деп шықпайды. Біз топпыз.

– Топтың аты қандай?

– Топтың аты «HiOne» негізінде. Ішінде көптеген қызықты қызықты қонақтар болады. Вот соның біреуі ALEM. Тағыда Ирина Кайратовнадағы Алдик деген жігіт те алдында хабарласып, «Кірейінші альбомға» деп айтыпты Ануарға.

 

Шығармашылығына білек сыбана кіріскен рэпер Айбек жұмысының жемісті боларына үмітті. Алайда ол ән сүйер қауым мен болашақтың еншісінде!