Жанар Дұғалова кино мансабын қайта қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптен бері көрермен көзінен тасада жүрген Жанар Дұғалова актерлік карьерасына қайта кірісті. Актриса бұл жолы картинада шоу-бизнес өкілін сомдады.

– Жанар, премьера құтты болсын! Туындыларды өте талғап, таңдап түсетініңізді білеміз. Бұл туынды сізге несімен ұнады?

Жанар Дұғалова, әнші, актриса:

Ең бастысы ол әрине музыкалық комедия болғандықтан маған ұнады. Ұсыныс жасағанда әнші туралы деді және де әрине көптеген әндер орындалатынын айтты. Сондықтан да әрине мен... Мен үшін актер ретінде және әнші ретінде жаңағы бір оқпен екі қоян атқандай болды.

– Соңғы туындыңыз бір жыл бұрын шықты толықметр. Одан кейінгі ұсыныстар өте көп шығар?

Жалпы, иә. Ұсыныстар өте көп түсіп жатады. Бірақ та енді уақыттың тығыздығына байланысты, өзімнің жеке өмірім бар, өзімнің әншілік жаңағы гастрольдерім бар. Сондықтан да әрине, егер маған сценарий, режиссер ұнаса ғана мен қабыл аламын ұсынысты.

 

– Әндеріңізді көрерменмен, тыңдарманмен сағындырып қауыштырасыз. Не себепті?

– Иә... Жоқ, менің байқауымша және ол менің ұстанымым, және тәжірибе. Тәжірибе... Иә, егер әншіні халық ұнатса, жанкүйерлері жақсы көрсе жүз жылда жаңа, жиырма жылда бір ән шығарса бәрібір жақсы көреді.

 

Ең қызығы, әншіге new school өкілдерінен коллаб жасауға ұсыныс өте жиі келеді екен. Дұғалова «шығармашылығы жүрегіме жақындарымен барынша дуэт құруға тырысамын»,- дейді.

Жанар Дұғалова, әнші, актриса:

– Қаншалықты ұсыныс жиі түседі жас буыннан?

– Жас буыннан қуантып жатыр мені. Ұсыныстар түседі. Яғни, мені әлі ұмытқан жоқ, мені құрметтейді, менімен ән салғысы келеді. Бірақ та енді маған келетін репертуар әлі естімедім.

– Ал өзіңіз қазіргі уақытта кімдерді тыңдайсыз? Жаңадан шыққан әншілерден?

– Маған Sadrsddin, Kalifarniya деген осындай талантты жігіттер ұнайды өте...

– Ол жігіттер үлкен ареналарды толтырып жүр ғой қазіргі уақытта. Қашан сіз сондай үлкен концерт бересіз?

Негізі, иә. Көп жанкүйерлерім жазып жатады «Неге концерт бермейсіз?» деп. Әр нәрсеге өте жауапкершілікпен қараймын. Сондықтан да концерт жасасам ол сондай бір мықты, Қазақстанда болмаған , ерекше концерт болу керек мен үшін.

Ол күннің де ауылы алыс емес деген өнер иесі, отбасылық өмір мен шығармашылығын қатар алып жүру оңайға соқпайтынын айтты. Сөз соңында, жоспарларымен де бөлісуді ұмытпады.

Жанар Дұғалова, әнші, актриса:

– Бір-екі ұсыныс бар. Кино жағынан да, дуэттер жағынан да. Енді... Енді бастысы денсаулық болсын, аман болайық. Бас аман болса шығармашылық та, гастрольдер де, әндер де, фильмдер де болады.

Сізді көбірек көрейік. Рақмет.

– Аумин. Рақмет сізге.