Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek:
Сабақтан қашқан кім? Қожа. Сөмкеге бақа салған кім? Қожа. Тәжірибе жұмысына бармаған тағы Қожа. Бірақ бұл 60 жылдардағы Қожа. Ал бүгінгінің Қожасы қандай екен? Бірге білейік.
Халықтың сүйікті картинасы - «Менің атым - Қожа» 1963 жылы түсірілді. Фильм 64 жылдан бері экраннан түспей, ұлттық киноматеграфияның классикасына айналды. Бүгінде қазақ кино өнерінің жауһары саналатын аталмыш фильмге екінші дем сыйлауға ниеттілер табылып, туынды қайта таспаланатып жатыр.
Қуат Ибрагим, кинорежиссер:
– Менің атым Қожа фильмі өз заманындағы біраз мәселелерді қозғады ғой. Атауының өзі резонанс тудырған. Ал мына екінші рет таспаланатын фильм қазіргі замандағы қандай мәселелерді көтереді.
– Бұл қазіргі замандағы өте күрделі проблемаларды көтереді. Бізде өсіп келе жатқан балаға сен космонавт боласың сен дәрігер боласың деген сияқты шектеулер өте көп. Бізде Қожаның арманы жазушы болу. Бердібек Соқпақпаев желісі бойынша. Біз сол арманына жеткіземіз.
– Демек желісінде өзгерістер бар ғой.
– Бар. Біздің Қожаның жасы 16-да, ал алғашқы фильмде 5-сынып оқитын Қожаны көреміз. Яғни ол жасөспірім шақта болатын пробеламаларды ашамыз. Үлкен өзгешелік сол деп айтар ем Ауқымдырақ проблемалар болады.
Дулыға Акмолда, ҚР Халық әртісі, актер:
– Жігіттер алғаш бастаған кезде қолдарында сценарий бар келді көрдік. Бүгінгі сценарий мен алғашқысының арасын да үлкен айырмашылық бар. Соңғы сценарий маған қатты ұнады.
Бұл фильм қазақ киносында бетке ұстар үлкен шығармамыздың бірі ғой. Соған енді жаңа жұмыс, жаңа көзқараспен, жаңа режиссура... бұл енді дұрыс деп ойлаймын бір жағынан.
Әуелде режиссер Қуат Ибрагим түсірген қысқа бейнероликтер тек мектеп жарнамасы үшін дайындалған. Кейін әлеужеліде желдей есіп, көрерменнің ықыласына бөленген видеолар толықметрлі фильм түсіруге ықпал еткен. Көрерменнің пайымы да сәйкес келіп, классикалық картина қайта жаңғырмақ.
– Түсірілім алаңында қызу жұмыс жүріп жатыр. Қазір біз басты кейіпкерлер Сұлтан мен Қожамен сұхбаттаспақпыз. Ендеше кеттік. Міне басты кейіпкерлер Қожа мен Сұлтан. Айтыңыздаршы сіздерді айтнытпай кім, қайдан тапты?
Айқын Елубай, Қожа рөліне таңдалған актер:
– Ең бірінші ағам айран ішіп отырған видеомды тик-токқа салып жіберген. Содан соң Kalifarniya -ның клипіне бардым.
– Клипіне түстің
– Иә, содан кастинг директор көрген, атама звондаған.
– Жігіттер бағанадан бері айтып жатырмыз ғой. Бұл маңызды рөл деп. Қалай дайындалдыңыздар?
ауылдан келгеннен кейін актерскийге 2 ай дайындалдым.
Олжас Қалғапбар, актер:
– Рөлге бекітілген күннен бастап диеатаға отырғызды. Бірінші күні. Екеуімізге 5-5келіден деп атқан
– Қанша келі тастадыңыздар?
– 8 келі.
Актерлық кастқа кіл мықтылар таңдалған. Қожаға әкесі жайлы ыстық естеліктерді еске салатын Сәйбек қарттың рөлін Қадірбек Демесін сомдайды. Ал Бекжан Тұрыс Ахметов ағай болып көрерменмен қайта қауышпақ. Дулыға Ақмолдаға кино және театр корифейі Кенебай Қожабеков ойнаған сүйікті Рахманов ағайды сомдау бұйырған.
Қуат Ибрагим, кинорежиссер:
– Қайта таспалауға қорықпадыңыз ба?
– Қатты қорықтым. Болды түсіремін деп айтып аламын да 2 ай ұйықтай алмай қалдым.
Картина үлкен экранға қантар айында шығады. Төл туындыны тағы бір мәрте танытамыз деген шығармашылық ұжымға сәттілік тілейміз.