Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
Байтеміровтар отбасы үлкен экранға қайта оралды. Бұл жолы олар Тайландқа саяхаттамақ. Үнемі Шытырманға тап болатын төрттік қалай таңғалдырмақ? Бірге білейік.
Фильм желісі бойынша Әділет пен жары Лейла балалы болғысы келеді. Бұл қалауы көптен орындалмай жүргендіктен анасы Тайландтағы емшіге жүгінуге мәжбүр. Себебі Мөлдір шетелдегі тәуіптің оларға көмектесетініне сенімді. Бұл Бишарашки фильмінің үшінші бөлімінің концепциясы.
Жан Байжанбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Сценарий әр маусым сайын жақсарып келеді. Фильмнің желісі қызыққа толы. Маған ұнады. Көрермен жүзіне күлкі сыйлар да, мұңды етер де сәттер жетерлі.
Сценарист те, режиссер де өзгерген. Актерлық каст та жаңа есімдермен толыққан. Мәселен Еркебұлан Тоқтардың әйелін актриса Зуһра Сайпи сомдайды.
Зухра Сайпи, актриса:
– Еркебұлан Тоқтармен коннект қалай болды? Қандай күйеу екен?
менің таңданысыма қарай өте мықты коннект болды. Арамызда химия болды. Еркебұланмен жұмыс істеу оңай болды. Себебі ол өте жауапты. Біз жақсы жұп шығардық деп айта аламын.
Тайландтағы түсірілім бір жарым айға созылған. Бірақ кинопродюсер көп қаржы шығындамаған. Бюджет 100 миллион. Мұнысын демеушілердің көптігімен түсіндірді.
Актерлық кастқа таңдалғандар қатарында Олжас Абай да бар. Оchooou Тай бұзақыларының қолшоқпары. Ал көрермен әдетте байдың бейқам әйелі ретінде көретін Әсел Сағатова бұл жолы қыңыр ене образында.
– Әсел Сағатова қандай ене?
– Әсел Сағатова өте керемет ене. Линиямыз интригаға толы.
Аталмыш картинаның алғашқы екі бөлімінің режиссері Дархан Саркенов. Ал Тайландта түсірілген үшінші туындыға Бақыт Кадер таңдалған екен. Шетелде білім алғаннан кейін Жахан Отарғалиевтің картиналарын таспалаған жас режиссер «фильмнің айтар ойы жетерлік»,- дейді.
Бақыт Кадер, режиссер:
– Біздің алдымызда задача болды. Тек комедия жасап қана қоймай. Барлық қазіргі кездегі актуалды проблеманы қозғағымыз келді. Біздерде қазір таптық бөлінулер көбейеді. Саптарға бөлу, әлеуметтік статусқа бөлінуді барынша шектеуге және адамдарға түсіндіруге тырыстық сен бай болсаң да кедей болсаң да ең бастысы адам болып қалу.
Басты антогонистті сомдау Тайландық актерге бұйырды. Қаншама шақырым тастап жабық көрсетелімге келген өнерпаз авторлық әнін орындап, би билеп, көрерменнің көзайымына айналды.
Pacharapon Jantieng, актер:
– Менің кейіпкерім мафияның басшысы. Картинаның желісі бойынша мен тарихи сақинаны іздеймін. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстандық миллионерді құрықтауға кірісемін. Бір сөзбен айтқанда нашар жігітпін ғой.
Байтеміровтердің Тайландтағы оқиғасы да шиеленіске толы. Тай бұзақылары дегеніне жетіп, бағалы жәдігерді қолына түсіре ала ма? Байтеміровтер шаңырағында сәби үні естіле ме? Жауабы үлкен экранда!