Alpha тобына 5 жыл! Жігіттер фан-митингін аншлагпен өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жансая Жолдасова, @zhans.jk

Alpha жаңа жыл қарсаңында жанкүйерлерімен кездесіп, арнайы event өткізбек! Қазақстандағы ең ірі фан базалардың бірі Love&peace үшін бүгін ең есте қаларлық күндердің бірі. Себебі бойзбэнд шығармашылықтағы 5 жылдықтарының қорытындысын жасайды.

«Alpha» тобы:

Бәріне сәлем, сіздермен бірге Alpha! Жалпы фан ивент деген ол біздің жанкүйерлерге, яғни Love&peace-терге арналған іс-шара. Мұнда түрлі сұрақтар қойылады. Сыйлықтар мен оңында әрине акустикалық концерт болады.

Топ тарихы сонау «Project X» жобасынан басталады. Жігіттер дебютке қажырлы еңбек пен шыдамдылықтың нәтижесінде қол жеткізді. Бүгінгі күні олар әрдайым трендте. Биыл топ 5 жылдықтарын атап өтуде.

N.B, «Alpha» тобының мүшесі:

Alpha өсті, Alpha әдемілене бастады. Альфаның вокалдық қабілеттері өсе бастады, Біздің достығымыздың 5 жылдығы биыл мектепке барады. Шынымен де біз бірінші рет жасап тұрмыз. Және де онлайн форматта өтеді. Онлайн біздің love&peace-тар да болады. Басқа қалалар да көре алатын болады.

Мемберлердің әрбірі жеке шығармашылықтарын да қолға алып, синглдар ұсынып келеді. A.Boo Аяумен, Мәди Рымбаевпен, ал Qozzy Досекешпен фит те жазып үлгерді. Ендігі кезек Dark-та.

Dark, «Alpha» тобының мембері:

Екі апта бұрын бізде «Zholdar» атты бейнебаян шықты. Және менде соло дебютім болды. Қосымша мен 16 желтоқсан күні шығардым, өз тәуелсіздігімді сол 16 желтоқсан күні алдым. Бұнымен тоқтамаймын деп отырмын.

Love&peace! Атауы махаббат пен мейіріммен байланысты тыңдарман залды лық толтырып, ине шаншитын орын қалдырмады.

Көрермен пікірі:

Мен Астана қаласынан келдім осы fan event-ке Альфа үшін. Барлығынан қолтаңба алдым, сөйлестім. Өте есте қаларлық жайт болды.

Альфа ол комфорт және керемет музыка. Альфа ол махаббат.

Біз сіздерді әрқашан қолдауға дайынбыз және сендермен бірге тарихқа енеміз. Иә тарихқа енулеріңе кішкене аз қалды, сондықтан бәрі алда. Тек берілмеңдер, біз сендерге сенеміз.

Альфа мен сіздерді жақсы көремін. Сіздердің осындай болғандарыңызға, Қазақстанның атын шығаруларыңызға тілектеспін.

Альфа ағымдағы жыл олар үшін трансформация жылы болды деп есептейді. Бойзбэнд 5 жыл аралығында 3 альбом, оның ішінде 20-дан астам ән жазып репертуарын қалаған ұжым. Жігіттердің ендігі мақсаты - Love&peace-тердің қолдауымен әлемдік ареналарды бағындыру. Сәттілік!

«Alpha» тобы:

Рахмет бәріне. Сіздермен бірге болған «Alpha». Келесі жылы тағы да қуантамыз деген ойдамыз және де жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Біз сіздерді қатты жақсы көреміз. Көріскенше love&peace!