Мадина Дәулетқызы, @makeshi
Disney студиясының көпткен күткен «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмі көрерменге жол тартпақ! Еске салсақ, бұл Диснейдің өзі қазақша дубляжын қаржыландырған биылғы үшінші картина. Сонымен, су жаңа лентада қай әртістердің дауысын естиміз? Бірге білейік.
«Муфаса: Арыстан патша» картинасы әйгілі «Арыстан патша» туындысының приквелы саналады. Су жаңа анимациялық лентада Симбаның әкесі – Муфаса мен Шрамның бастан өткерген оқиғасы баяндалады.
Аталмыш картинаны қазақшалауды Дисней студиясының өзі қаржыландырып отыр. Фильм дубляжына ең үздіктер қатаң талаппен іріктелініп алынған. Мәселен, ондағы дана маймыл Рафикидың дауысы - Дулыға Ақмолдаға тиесілі.
Дулыға Ақмолда, ҚР Халық әртісі
– Енді сол кейіпкеріңіздің бір тіркесін дыбыстап бере аласыз ба?
«Мен сіздерге ертегі айтып берейін» деп басталады өзі.
– Осындай Диснейдің дүниелері бізге көбірек келсе екен, қазақша көбірек аударылса екен деген үлкен үмітіміз бар ол жақсы нәрсе. Одан қашпау керек, керісінше бұдан біраз сабақ алуымызға болады.
Қазақша дубляжды дамытуға барын салып жүргеннің бірі – Динара Сұлтан. Дисней кейіпкерлеріне бұрыннан дауысын сыйлап келе жатқан ол, премьераға балаларын ерте келді.
Динара Сұлтан, әнші:
– Негізінде мені алдын-ала әнші ғана емес, актриса ретінде де шақырған. Себебі, қазақ тіліде де, орыс тілінде де мен кастингке қатысқан едім. Енді қосымша әндерді де айтып шықтым. Қызығы актриса ретінде өтпедім де, әнші ретінде екі тілде де өтіп кеттім.
Осылайша, өнер өкілі кейіпкерлердің дыбыстауға бәсекелестік үлкен болғанын жасырмайды. Ал сондай қатаң іріктеуден өтіп, басты кейіпкер Муфасаның әндерін шырқау – музыкант Абик Жексенге бұйырған.
Абик Жексен, музыкант:
– Менің балалық армандарымның бірі болатын, жалпы мультфильмнің кейіпкерін дауыстау, дауысын жазу. Сол арманыма жеткендей болдым, сондай сезімдемін.
– Оның үстіне анау-мынау емес, Муфасаның өзі. Сол қалай процесс жүзеге асты?
– Записьте, дауыс жазған кезде мен кәдімгідей көңілімнен шығарарлықтай айттым деп айтуға болады вокалдық партияны. Өйткені мен өз дауысыммен айттым. Ешқандай бір дауысты өзгертпей, осндықтан өте кремет.
Jaman T, рэпер:
Осындай тарихи сәттің бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын. Себебі, бала кезімізден бұл туындыны көріп өстік қой. Мен Рафики, яғни мультфильмде Симбаны көтеретін әйгілі маймылдың әндерін шырқадым. Мен үшін процесс қиын болған жоқ.
Еске салсақ, әлем киносыншылары «Муфаса: Арыстан патша» картинасысына «Дисней тарихындағы ең үздік туындының бірі» деген баға беріп отыр. Су жаңа лента 19 желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!
Бақтияр Байсерік, актер:
– Олай болса НТК көрермендерін «Муфаса: Арыстан патша» жобасын көруге шақырамыз!