Әуелі бәзбіреулер Сабина Мовлаеваның телефон нөмірін желіде таратып жіберген. Бір кеште блогердің ұялысына 2000-нан аса хат келген. Әдетте смс-терге жауап бермейтін ол, тоқтаусыз түсіп жатқан видеоны ашып көрген.
Сабина Мовлаева, блогер:
– 18+ видео келеді. Бірақ мойындаймын, анау қыз кішкене ұқсайды екен маған. Но мұқият қарасаңыздар, саусақтары, құлағы, мен даже ешқашан анандай сағат алмағанмын. Ана қыздыкіндей. И маникюрымды мен анандай қара цветке боямағам. Ерні де үлкен деген сияқты ғой енді.
Кейін бейтаныс біреулерден қоңыраулар түсе бастаған. Ешкімнің ала-жібін аттамаған сияқты едім, аяғымнан шалғысы келетіндердің тірлігі екеніне сенімдімін,-дейді өзі.
Сабина Мовлаева, блогер:
– Таңғы 6-да бір қыз звондап тұр маған. Сіздің ұятсыз видеоларыңыз тарап жүр ғой деп. Мен өзім шок болдым, если честно. Қалай жыламайсың? Қалай көңіліңді түсірмейсің? Если саған аяқтан шалулар көп болып кетсе, тем более жалғызбасты қызға.
Қазіргі таңда құзырлы орган қызметкерлері бұл істі майшаммен қарап жатыр. Егер видеожазбаны таратқандар табылса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Материал Мовлаеваның отбасына да жеткен. Тіпті блогердің анасы бейнеүзікті көріп, талып та қалыпты. Сабина: қастандық қылғысы келетіндер бар. Бұл жасанды интелект болуы да мүмкін,-деген тұжырым айтты.
Сабина Мовлаева, блогер:
– Исскуственный интелект болса, онда күшті жасапсыздар. Не айтайын енді? Молодцы! Бауырларыма, мамаға, ну енді папаға келсе де, папа айтпайды ғой енді маған. Но енді бәрі көрді. Мамам сразу звондады маған: қызым, мынау сен емес қой,-деп. Сен емес,-деп. Жақындарым, бауырларым бәрі айтты сен емес қой деп.
Соңғы уақытта блогердің жылаудан көзі құрғамай жүр. Ақ-қарасын ажыратпай, даттап жатқандар да жетерлік. Бірақ түбі әділдік орнатамын,-дейді.
Сабина Мовлаева, блогер:
– Менің ең жаныма бататыны мен осылай депрессияға кіріп кетсем, адамдар қастандық жасап жатады ғой маған, сол кезде қызыма внимание бере алмай қалам да. Өйткені үйде жылап жатам. Қиналып жатам. Кімге жүгінем? Сол кезде қызым бәрін көріп, ол да қиналып кетеді ғой.