ВЕНОМ МЕН ТОМ ХАРДИ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:

Том Харди енді қазақша сөйлейді! «Веном 3 – Соңғы би» картинасы төл тілімізде. Найнти уандық Әлем, Нұрай Жеткерген және Салтанат Бақаева дыбыстаған блокбастердің премьерасындамыз.

Танымал блокбастердің үшінші бөлімін қазақша дыбыстау тақиялы режиссер атанған Шах-Мұрат Ордабаевқа бұйырған. «Веном. Соңғы би» картинасының дубляждалу жұмысы бір ай көлемінде жүрген.

Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері:

- Әрбір рөлге мен-мен деген мықты артистерді ұсындық, бірақ үздігі алға шықты. Өздері таңдады. Ең әділ кастингтердің бірі осы. Өйткені біз өзіміз таңдамаймыз. Аға-көке деген нәрсе жоқ. Сони, Дисней өздері таңдайды.

Том Харди мен Веномды актер әрі әнші Бауыржан Қаңтарбаев дыбыстады. Дубляж саласында 10 жылдан бері қызмет ететін серінің бұл, Голливуд туындыларындағы дебюті екен. Сондықтан да болар Қаңтарбаев өзінің кейіпкерлерін бұған дейін тіпті танымаған болып шықты.

Бауыржан Қаңтарбаев, актер:

- Жалпы киноға қатты қызықпаймын да Том Харди деген атын естігенмін, бірақ түрін білмеймін. Шынымды айтайын. Веномды көрмегенмін мүлде.

- Бірінші шыққан, екінші шыққан көріп шықтың ба Веномды?

- Көрген жоқпын. Шынымен көрген жоқпын, сөздің ашығы, жасырмай-ақ қояйын. Осымен ғана шектелдім.

- Ал Том Хардидің басқа жұмыстарымен? Енді алдағы уақытта Том Хардидің қазақтілді дауысы сен болып тұрсың ғой?

- Енді бұдан кейін көремін.

Ал, жасыл симбиот – Маллеган персонажын Асан Мәжит қазақша сөйлетті. Актер жылына кем дегенде бір шетел фильмінің аудармасы бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта Аль-Пачиноның ресми дауысы болуды көздеген өнер иесі «Веном -3» ерекше тәжірибе болғанын айтады.

Асан Мәжит, актер:

- Бұл жұмыста маған ұнаған тұсы екі кейіпкерді сомдағандай болдым. Өйткені өзгерген кезде және өзгермей тұрып. Өзінің түпнұсқасындағы бет бейнесін сомдағаным сол жағынан өте қызықты жұмыс болды.

- Веномда сіз кімді дыбыстайсыз?

Салтанат Бақаева, актриса:

- Бұл сұрақты көрермендер өздері киноға келіп, көрсін дегім келеді. Сосын жауабын айтсын менен сыйлық болады.

Көрерменді осылай қызықтырған Салтанат Бақаева да дубляж жұмыстарымен етене таныс болып шықты. Актрисаның портфолиосында екі бірдей шетел туындысы бар екен.

Салтанат Бақаева, актриса:

- Біреуі мультик болса балаларға арналған мынадай дауыспен, ал екіншісі бір фильмді дубляждаған болатынмын, көп емес опыт. Осы ұсыныс түскенде өте қуандым және мен үшін үлкен мәртебе болды.

- Голливудтық актерлардың ішінен актрисалардың ішінен деп айтайықшы, кімнің дауысында көрер едіңіз? Салтанат Бақаева кім болар еді?

- Менің дауысым мүмкін, менің дауысым Одри Хепберннің несіне келетін сияқты. Жалпы екеуімізде психотиптеріміз ұқсас.

«Веном -3» блокбастері дубляж саласында біршама дебютанттардың тұсауын кескен картина болды. Мәселен, Анар Батырхан мен көпшілікке «Дәстүр» фильмі арқылы танылған Нұрай Жеткергеннің бұл тырнақалды туындылары.

Нұрай Жеткерген, актриса:

- Шақырту арқылы келдім. Бірақ бұл салаға көптен бері қызығып келе жатыр едім. Сол гештальтымды орындадым.

- Бұл сіздің бірінші жұмысыңыз емес, оған дейін “Ойжұмбақта” да сіздің тәжірибеңіз болды.

Батырхан Мәліков, «Ninety One»тобының мембері:

- Иә

- Қалай болды, ұнады ма сізге?

- Иә, бұған дейін Ойжұмбақта мен бірінші рет дыбыстап көрдім. Бүкіл процессте болдым. Қызыққаным соншалықты, сол жердегі режиссер кісіге айттым, өтініш тағы да мүмкіндік болса маған мүмкіндік беріңіздерші деп. Сөйтіп сол мен Веномның ішіндегі бір кейіпкердің ресми дауысымын. Қуаныштымын.