Баспасөз жиынында: сауда орталығының жаңа форматтағы жұмысы, негізгі оқиғалары мен ойын-сауық индустриясындағы жаңалықтары айтылды.
Динара Амренова, «Aport» моллдың маркетинг департаментінің директоры:
- Біздің сүйікті «Аport mall east-тің» бұл алғашқы туған күні. Бір жылдың ішінде түрлі іс-шаралар атқардық. Атап айтқанда: орталық Азиядағы ең үлкен кинотеатрды аштық. Одан бөлек, «SanRemo Resort&SPA» аквапаркі бар.
Орталық соңғы жылдары тұтынушылардың қалауы қалай, қай жаққа өзгергенін де жіті зерттеген.
Динара Амренова, «Aport» моллдың маркетинг департаментінің директоры:
- Стратегияларымыз бір жыл бұрын жазылады. Сол жоспармен жүріп отырамыз. Даму жолында айналамызда болып жатқан барлық ақпараттарды бақылап, сүзгіден өткіземіз. Aport mall сауда жасағандарға түрлі сыйлықтар мен пәтерлер тарту ететін алғашқы орталық. Мәселен биыл үш баспана ойнаттық.
Апорт – Қазақстанның төңірегінде шектеліп қалмақ емес. Сауда орталықтарын дамыту директоры келелі жоспарларымен бөлісті:
Данил Дубинин, «Aport» моллдарының дамыту директоры:
- Жақын арадағы жоспарларымызбен де бөлісе кетсем. Қарашада Сочи қаласына, кейін Канныға барамыз. Сапарлатуымыздың себебі, жаңашылдық іздеп, ерекше форматты елге әкелу.
Жаңашылдық легі жетерлік. Данил Дубинин бірнешеуін атап өтті:
Данил Дубинин, «Aport» моллдарының дамыту директоры:
- Өздігінен қызмет көрсететін кассаларды, дүкен ішіндегі онлайн сатылымдар мен соңғы үлгідегі безендірулерді қолға алып жатырмыз.
«Aport» моллдарының басқарушы директоры Тимур Маратұлы да 1 жылда жасалған жұмыстар легін тізбектеп өтті.
Тимур Мұхамеджанов, «Aport» моллдарының басқарушы директоры:
- «Aport mall east» өз жұмысын 2023 жылы, 21 қазанда бастаған болатын. Осы уақыт аралығында талай жұмыс атқарылды. 4000-ға жуық адамды жұмыспен қамтыдық. Моллымыз орналасқан өңірдің де дамуына атсалысып жатырмыз.
Аport mall east ойын-сауық бағдарламаларынан бөлек, орналасқан аймағының ыңғайлылығымен де тұтынушыларға тиімді.
Тимур Мұхамеджанов, «Aport» моллдарының басқарушы директоры:
- Біз қаладағы және өңірлердегі тұрғындарға қолайлы жерде орналасқанбыз. Айналымызға мектептер, балабақшалар салынып жатыр. Қауіпсіздік деңгейі де жоғары.