Туған күнінде концерт ұйымдастырған Молданазар 10 жыл күткен жаңалығымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek

Ол музыка әлеміндегі ерекше құбылыс. Синти-поп жанрын Қазақстанға әкелген алғашқылардың бірі. Әуенді рокктан бастап түрлі жанрдағы музыкасымен танымал.

Тыңдарманы үлкен аренада шоу ұйымдастырғанын қалағанымен Ғалымжан шағын сахналарды таңдайды. Биыл да әдетінен танбай өз жанкүйерлерін жиып, жабық концерт ұйымдастырды. Кештің шымылдығын ашқан соң әнші көрерменіне ағынан жарылды.

Moldanazar, әнші

– Осының алдында Астанада концерт өткізген болатынбыз. Егер білетін адамдар болса, көріп отырған адамдар болса, кешірім сұраймын. Денсаулығым болмай концерттің ортасында есімнен танып құлап қалған болатынмын.

Әнші денсаулығына байланысты бұл концерт 2024 жылғы соңғы кеші екенін жеткізді. Әңгімесін «туған күнімдегі ең қымбат сыйлығым ол сіздер»,- деп түйіндеді.

Молданазарға 2013 жылы шыққан «Ақпен бірге» клипі танымалдылық сыйлады. Ал 5 жылдан кейін ол шетел асып, Америка жұртшылығын таңғалдырды. 2 жыл бұрын «Көгершін» бейнебаяны оны халықаралық аренаға тағы бір мәрте танытты. Нақтырақ айтсақ, туынды музыкалық фестивалдерде 37 рет үздік деп танылды. Әншінің комерциялық продюсері Марина Мун өнерпаздың жанекүйерін әлі талай қуантатынын жеткізді.

Марина Мун, Moldanazar-дың продюсері:

  • Ғалымжан көрерменіне жаңа релиз дайындап жатыр. Әндер осы жылы көктемде танымал биттлдердің продюсері негізін қалаған Лондандағы «Эйр студиос» студиясында жазылды. +00:44 Жаңа релиздегі басты сингл «Әрбір жанға» деп аталады. Бұл Ғалымжанның барлығымызға арналған жолдауы іспетті.

Коцертте әншінің тағы бір жаңалығын білдік. Молданазар 10 жылдан бері армандап келе жатқан қалауына 36 жасында нүкте қоймақ. Студент шағында бастау алған идеясын қайта қолға алыпты. Өңір-өңірді аралап, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаған музыкант жақында қазақ ертегілерінен комикс жасап шығармақ.

Концертте жанкүйерлері әншіні туған күнімен әндетіп құттықтады. Біз де тыңдармандары мен әріптестерінің жылы лебіздері мен тілектерін таспалап алдық.

Санұржан Сүлейменов, актер:

  • Ғалымжан аға, бар болғаныңызға рақмет. Мен сізді қатты жақсы көремін. Бала кезімнен қасымдасыз.

Рауан Романи, актер:

  • Ғалымжанның әндері бөлек қой қарап отырсаңыз.

Әлия Байбосынова, блогер:

  • Шабыт тілеймін. Денсаулық, ұмытып кетіппін.

Трек-листтегі 16 сингл толығымен орындалғанымен халық тарқамады. Сүйікті әншілеріне қошеметін жеткізіп, тағы ән айтуын қолқалады. Молданазар тыңдармандарының өтінішін жерге тастамай, кеш тағы бір сағатқа жалғасты.