Ол бес жасында «Қуыршағым менің» деп ән салып көрермен жүрегінен орын алды. «Әнші балапан» байқауы арқылы халыққа танылды. 2006 жылы Республика сарайын тыңдарманына толтырып, жеке концертін өткізді. Биыл сол қаршадай қыздың сахнада жүргеніне 25 жыл! Осыған орай үшінші мәрте соло кешін ұйымдастырды.
Лұқпан Жолдасов, музыкант, Ф. Жолдасованың әкесі:
– 13 жасында ең бірінші Қазақстанда, басқа жерді білмеймін, Қазақстанда бірінші өзінің жеке концертін беріп, ол кәдімгідей сұраныста болып, бір жылдан кейін Астанада беріп, екінші концерт жасап жіберіп, себебі билет жетпей, сондай үлкен қызықтар болды.
Фариданың 8 жыл бұрын жарыққа шыққан «Неге солай» әні өз тыңдарманын тапты. Десе де одан кейінгі туындылары аса таныла қоймағаны жасырын емес. Әншінің әкесі әрі продюсері мұның себебін былай түсіндірді:
Лұқпан Жолдасов, музыкант, Ф. Жолдасованың әкесі:
– Ол енді әр әншіде болады. Тоқырау болады. Творчествалық тоқырау болады. Әндері шықпай қалады. Шығарған әндеріне халыққа жақсы сұралым болмай қалады. Көп әндер жазылды, бірақ ондай қатты не болған жоқ бірақ соңғы мына «Дейді» деген әні бар. Тағы біраз әндері бар. Оларды енді кәдімгідей, шығармай ұстап келдік. Осы концертте шығарып, дамытамыз деп отырмыз. Сондықтан қазіргі әндерінің жөні бөлек.
Шараға «Мұзарттық» ағалары келіп қолдау көрсетті. Сәкен Майғазиев Фарида Жолдасованың ерекше талант иесі екенін атап өтті.
Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі:
– Мынау орыс тілінде айтсақ абсолютті слух деген ұғым бар. Музыка тілінде. Фариданың тыңдау қабілеті, музыкалық қабілеті өте жоғары. Танымал әндердің кез-келгенін қай тональностте орындағанын айтып бере алады.
Фарида Жолдасованың талай танымалдармен фиттері бар. Әнші соңғы уақытта трендегі жас орындаушылармен дуэт жазып жүр. Атап айтқанда, Байтаңат пен Ильхан Ихсанов. Әріптестерінен Жолдасова жайлы сұрап көрдік.
Baytanat, әнші:
– Біз енді баяғыдан білеті н қуыршақ қой. Қуыршағым менің, жетелеп арманға деген әндері.
Ильхан Ихсанов, әнші:
– Ол кісі шығып жатқан кезде мен өмірде болмағам. Садик кезінде «Бала тілегі» деген әндерін шала айтқанбыз. Сол есімде. Бірақ толық әндері есімде қалмаған. Бірақ мамам айтады «садик кезінде барлық әндерін айттың»,- дейді садик кезінде.
Фариданың жүрегін жаулаған жігіт бар ма? Көп көрерменн,ің көкейіндегі сауалды анасына жолдап көрдік.
Айған Жолдасова, Ф. Жолдасованың анасы:
– Ойнап айтып қоямын «осы концертті бер де, сосын кете бер»,- деп. Сондай мақсат қойды ғой, екі жылдан бері осы концертке дайындалды. Ал осы концерттен соң жүре берсең болады, жолың ашық ақ жол деп.
Ендігі кезек көзі қырақты көрерменде. Тыңдарманнан да Фарида жайлы сұрап көрдік. Білгендерімен бөлісті.
– 2006 жылы 13 жасында алғашқы концертіне келдік. Міне 25 жылдан кейін тағы келіп отырмыз.
- Осы әнші туралы ақпарат жинап бастап, шын аты Перизат екенін естіп таңғалдым.
Концерт соңында Фарида Жолдасова да тыңдарманына ыстық ықыласын білдірді.
Фарида Жолдасова, әнші:
– Бүгінгі кеште менімен бірге болғандарыңызғакөп рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін!