30 мың тыңдарман! Sadraddin Димаш Құдайбергеннен кейін орталық стадионды аншлаг жасаған екінші әртіс.

Сообщить о проблеме с эфиром

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

- Садр феномен ғой. Білмеймін бір 50 жылда, бір 100 жылда туатын бір азамат өнерпаздар болады сондай жігіт деп ойлаймын. Әншілер шығады да феномен әншілер және тағы да біршама топ соны қайталаушы әншілер.

Әр әні жарық көре сала хитке айналады. «YouTube»-та миллиондаған қаралымды да Садр жинайды. Музыкалық платоформалар мен чарттардың топ басында жүретін де Садраддин! Бүгін сол еңбектің өтеуін алғандай! Тыңдарманының алғасы іспетті. 30 мың жанкүйерін бір алаңға жинау бұған дейін Димаш Құдайбергеннің ғана қолынан келген іс еді. Хитменді жанды дауыста тыңдау үшін фанаттар шет елден де арнайы келген.

- Қытайдан келгенбіз.

- Арнайы Алматы қаласына келдім суретімді салып. Тараздан.

Небәрі 21 жаста орталық стадионды лық толтырған Садр қарақұрым халықты көріп өзі де қорқып қалғандай. Мұндай масштабқа бой үйретіп үлгермеген әнші әуелгіде сасқалақтағанын жасырмайды.

Sadraddin, әнші:

- Жеке концертімде алғаш рет көруім 30 мың адамды осылай көрген кездегі мен ол видеодан да көрінген деп ойлаймын. Мен шок деген сол сияқты менімше.

Садрдың концерті нағыз соло кеш болды. Халықты қыздырып тұратын жүргізуші де, хедлайнер әріптестері де болған жоқ. Дара, жалғыз концерттік бағдарламаны алып шықты.

Sadraddin, әнші:

- Мен алдыңғы жылды айтқым келген жоқ армандарымды, мен өзімнің концерттен кейін сторисыма қателеспесем салған болатынмын картадан белгілеп осы стадионды жоғарысынан. Содан кейін түсінген түсінді. Бел буған уақыты ол қателеспесем наурыз айында. Наурыз айында бел будым және соған әрекет еттім.

Билеттің сатылымы концертке 25 күн қалғанда ашылған, десе де небәрі 17 тәулікте толықтай солд-аут! Ал Садрға мотивация беріп, қолдау білдірген ұйымдастырушылардың бірі – ННН. Нұрдәулет Бектұрсынның есімі тіпті демеушілердің қатарында тұр.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер, ұйымдастырушы:

- 25 күн бұрын аштық. Өте қорқынышты болды шынымызды айтсақ. Өйткені қала күні бар, өте қысқы мерзім біледі ғой енді, мұндай үлкен аренада. Бірақ енді мүмкін емес ештеңе жоқ. Үлес қосқан жандардың бірімін ғой.

Сондай-ақ, Садраддиннің продюсері қызметіндегі анасы Айгүл Есқарада концертте ұлын қолдап келді.

Айгүл Есқара, С. Болаттың анасы:

- Бірінші хабарлағанда әрине сендім, өйткені Садр бұны өткен жылы Алматы Аренада өткен кезде жоспарладық. Бірақ бұл Садрдың стадион жинаймын деген мақсаты – бүгінгі, кешегі мақсаты емес бұдан 15 жыл бұрын Садрдың 5 жасында дәні егілген мақсат еді.

Sadraddin, әнші:

- Мен білдім оның оңай болмайтынын, бұл жаққа көптеген күш керек, көптеген техника керек қаражат көп кететінін бірақтан да менің ойым қазір жасасам қашан жасаймын деген.

Айгүл Есқара, С. Болаттың анасы:

«Ана» әнін айтқанда мен осы жолы жыламаймын деп уәде берген болатынмын, анасына алғыс айтып тұрған баламды көріп қуаныштың көз жасымен мен тағы да көзіме жас алдым.

Ғаділбек Жанай, әнші:

-Мен бір ең бір кілті деп ойлаймын да жауапкершілікті ала алды да. Мысалыға шаңырағының енді анасы бар екі бауыры бар ғой, кішкентай кезінде соны түсірген сияқты.

Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:

- Өйткені жас болса да өте талантты ай сайын бір хит әндер шығарады. Жүрекпен айтады, жақсы клиптер сапалы түсіреді.

-Біріншіден Садрадиннің маған қарапайымдылығы ұнайды. Өзінің отбасына бауырмашыл, сол бізге мотивация береді.

- Әдемі, әдемі, сымбатты қазақтың жігіті.

- Дауысы ұнайды.

- Адамгершілігі дауысы да ұнайды, дауысы күшті ғой енді.

Харизмасымен бізге ұнайды. Бірге жиналып келіп отырмыз.

Sadraddin, әнші:

- Менің осы концертіме көп үлесін қосқан менің достарыма бауырларыма аға бауырларыма үлкен көп рақмет айтамын. Осы жерде тұрған Нұрдәулет бауырым, Ақылбек бауырыма көп көп үлкен рақмет.