«Аяшы» драмасы зорлық құрбаны Айзаданың оқиғасына негізделген бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:

- Маған қауіп төніп тұр. Көмек қажет. Дәл осы белгі талай құрбанның өмірін сақтап қалды. Талай гүл ғұмыр қыршын қиылған кездер де өте көп. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бізге ғана тән қансырап тұрған жарамыз емес. Көршілес қырғыз елі де осы тақырыпта драма түсірді. Премьерадамыз!

Бірнеше жыл бұрын Айзада Қанатбекованы бәзбіреулер еркінен тыс алып қашып, келін етпекші болған. Бірақ, мұндайға көнідіге қоймаған қызды күйеужігіт азаптап өлтіріп, артынан өзіне қол салады. Дәл осы оқиғадан соң қырғыз елі алып қашуды қылмыс санатына қосып, изаңды күйшейткен еді.

–Қырғыз елінде Айзада Қанатбекованың оқиғасы резонанс тудырған еді. Сонымен қандай да бір байланыс бар ма?

Сапар Сайназаров, режиссер, продюсер /Қырғызстан/:

- Трейлерді көргендің барлығы сол жағдайды түсірген бе деп жатыр. Бірақ біз барлық зұлымдық құрбаны болғандардың оқиға желісін жинақтап, соның негізінде түсірдік. Айзада оқиғасы да бар.

– Зорлық-зомбылық тақырыбы бізде өте өзекті. Ал сіздерде қандай?

- Бізде қазір өршіп бара жатыр. Жас қыздардың қыршын қиылып жатқаны жүректі ауыртады. Сол үшін осы тақырыпта фильм таспаласақ, қандай да бір пайыз зұлымдық азаятын шығар деген ниетте түсірдік.

Картина қос ғашықтың айырылысуынан басталады. Өзін тастап кеткен қызды қалайда өмірлік жар еткісі келген жігіттің көзіне қан толады. Әп-сәтте қандықол қылмыскерге айналады. Ал, мұндай рөлді алып шығу Бактияр Шаршенбаевқа бұйырған.

Бактияр Шаршенбаев, актер /Қырғызстан/:

- Енді сізден осы фильмнен кейін барлығы қорқатын шығар?

- Жоқ, керісінше қорықпай мені жақсы көріп қалуы мүмкін.

Фильмнің басты кейіпкері Айжан Алтынбектің бұл екінші үлкен толықметрі. «Мұндай жанрда алғаш түсіп жатқандықтан зұлымдық құрбаны болған нәзік жандылардың табиғатын, психикасын барынша шынайы көрсеткім келді»,-дейді актриса.

Айжан Алтынбек, актриса /Қырғызстан/:

-Осындай жағдай басынан өткен қыздардың сол кездегі жан-дүниесін түсінуге тырыстым, бір сәтте солардың кебін кигенде қорқыныш ұялағаны да бар. Мен үшін бұл рөл үлкен жауапкершілік болды.

Әсел Нұрсейітова, блогер:

- Бірінші рет көріп тұрмын енді ,өзім қарап тұрмын қалай істеді деп. Соны біліп алу керек екен міндетті түрде. Жастарға айту керек осындай знак бар екенін, осылай көрсету керек деген сияқты.

Дидар Кәден фильм еріксіз ауыр ойға салды дейді. Оның пікірінше, мұндай тақырыпты ашық көрсету, керісінше қоғамда зорлықты көбейтуі мүмкін.

Дидар Кәден, жүргізуші, әнші:

- Мектеп оқып жүрген кезде «Бригада» фильмі шыққан кезде криминал жағы екі мемлекетте де, Ресейде де, Қазақстанда да қатты дамып кетті. Қазір мынадай кинолар түсіріп жатқан кезде адамның психологиясына әсер етеді бірақ ойға қонымсыз кейбір құбылыстар.

Bonaрart, музыкант:

– Білмеймін, бірақ как минимум оған назар аударуға қандай ситуация болуы мүмкін соны түсіндіріп беруге тырысып отыр фильм.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы картинаны Қазақстан көрермені қалай қабылдайды, уақыт пен касса көрсетеді.