Қайрат Нұртастың темір торға тоғытылғанын жақындары қалай қабылдады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл ақпарат қалың көрерменнің ғана емес, KN-нің жақындарының да төбелеріне жай түсірді. Жан-жақтан төнген сауалдар мен сыни пікірлер Айдарбековтер әулетінің әлеужеліден біраз уақыт алыстауына себеп болған көрінеді.

- Пікірлерге жауап бердіңіздер ме?

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі, әнші:

- Басында бір жаңағы үлкен бір хайп болып кетті бірден. Басында у-шу болып жүрдік одан кейін басылдық біраз. Интернеттен демалып, көп шыға бермейміз.

Десе де кіші Нұртасұлы танымал ағасының аты аталған жер үнемі ел назарында болатынына бойұсынған.

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі, әнші:

- Мен өзім үйреніп қалдым негізі. Анам ең қатты қобалжыған ол анам. Ал әкем, Аян үшеуміз ешқандай қобалжу болған жоқ. Өйткені жігітке 15 күн деген қатты не емес деп ойлаймын.

Деседе, Айдарбектер әулеті сот үкімі тым қатал болды деп отыр. Әділдігіне де күмәнмен қарайды.

Заңғар Нұртас, Қайрат Нұртастың інісі, әнші:

- Расында не болғанын мен өзім білмеймін. Бірақ ол төбелес үшін ондай 15 күнге қамау деген ол екінің бірі төбелесіп жатыр ғой. Бірақ барлығы отырып жатқан жоқ. Мүмкін ұшақтың ішінде болған жағдай үшін сондай болды ма.

Еске салсақ, Қайрат шілде айында Астана-Алматы бағытындағы ұшақта досымен сөзге келіп, арты қос тараптың жаға жыртысуына дейін жеткен еді. Нәтижесінде оны денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сот 15 тәулікке қамауға алды. Еске салсақ, Нұртасұлы жазасын Шымкент қаласының түрмесінде өтеп шықты.

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі, әнші:

- Оның да бір жақсы жақтары болды, өзі демалып бір. Бір жаңадан өмірге келгендей сондай жаңа күшпен шыққан шығар енді.

- Қалай қолдау білдірдіңіздер Қайратқа?

- Біз тек қана тамақпен ғана қолдау білдірдік.

Ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес демекші, тиісті жазасын өтеген KN, отбасы демеуінің арқасында абақтыдан басын тік көтеріп шыққан. «Бұл оқиға бәрімізге сабақ болды»,- дейді әншінің бауыры.

Заңғар Нұртас, Қайрат Нұртастың інісі, әнші:

- Бірақ ағам шыққаннан кейін толып, салмақ жинап өзі керемет сондай көңіл-күймен шықты. Өзіне бір сабақ алғандай болды, қазір сақ жүретін болды. 2017 жылдан бірге келе жатқан достарым бар. Жақындатсам тек сол кісілерді жақындатам, ал басқа таныстармен алыстан сыйласамын.