«91»-лік ACE жақын уақытта шаңырақ көтермек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

12 тамызда релиз алған ән, бүгінде YouTube хостингінде жарты миллионға тарта қаралым мен 3000-ға жуық пікір жинаған.

– Азамат Ашмақын енді бұдан былай өзін соло әнші ретінде танытып, дамытып жатыр. «Өкпелеме» деген трегіңіз шықты. Сол туралы?

АСЕ, «91» тобының әншісі:

– Ол менің бірінші дебюттік синглым. Ары қарай, осы жылдың аяғына дейін бірнеше әндерім тағы шығады.

– Демек, АСЕ бұдан былай жеке әнші ма?

АСЕ, «91» тобының әншісі:

– Топтың қызметі бөлек және де өзім арасында жеке өзімнің өнерімді сынап көріп жатырмын. Сіздерге ұнап қалар деген ниеттемін. +01:03 – Осы жылы пауза ұстағаннан кейін жеке творчествомызды жасап көріп, тексеріп көрейік деген ниет болған. Бірақ та концертке 91 шығып жатыр. +01:19 – Бізде осы жылда ғана осындай пауза болып тұр.

– Білуімше, «Өкпелеме» трегі алдымен инфоцыгандарға арнап шығарылуы керек болған. Кейін өзгерген, махаббат бағытына.

АСЕ, «91» тобының әншісі:

– Иә, творчество білесіз ғой шыға беретінін. Басында сондай приколмен шыққан ән боп тұрып, уақыт өте келе трансформацияға ұшырау керек болды, ұшырады.

Азаматтың мансабында, аз уақытта көптеген өзгерістер орын алуы мүмкін. Бірақ әртіс әзірге тіс жарғысы жоқ.

– Сіз жақында Кореяға кетесіз иә? Сапарлатып?

АСЕ, «91» тобының әншісі:

– Жақында дегенде, қаншалықты жақын айта алмаймын. Егерде хабардың бәрі белгілі болып жатса, жеке интервьюмен сіздерге келем тағы.

-Қазір айта алмайсыз?

-Қазір айта алмаймын. Бірнәрсені дұрыс айтпай. Ол олай болмай қалса.

Биыл 31-ді алқымдаған Азаматқа: жүрегін жаулаған ару бар ма?,-деген сұрақты қойып көрдік. Бұл сауалға әртіс екі ұшты жауап қатты.

– Сіздің жеке өміріңіз жайлы ақпарат жоқтың қасы.

– Иә. Уақыты келген кезде, жаңалықтар болып жатқан кезде мен сіздерге айтам міндетті түрде. Жасым да, бәрі де позволять етеді.

– Демек, сүйіктіңіз бар?

– Уақыты келгенде, пайда болса айтам ғой.

Осы және өзге де эксклюзивті жаңалықтарды осы жұма, сағат 17:35-те «ӨЗМЗ ҒОЙ» бағдарламасынан көре аласыздар!