Эксклюзив! Серік Ибрагимов енді кинопродюсер. Әнші алғашқы фильмін Қырғызстанда таспалап жатыр.

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Дәл осы түсірілім алаңына жету үшін жүздеген шақырым жол жүріп, Қырғызстан астанасы – Бішкекке жеттік! «REVUE NEWS» түсірілім тобы - Серік Ибрагимовтың кинопродюсер ретінде таспалап жатқан тырнақалды киножобасын қолдап келді. Қазақстандық ТОП актерлардың барлығы осы алаңда!

Серік Ибрагимовке «Заман-BACK» фильмін таспалау идеясы 3 жыл бұрын келген. Тың туындыда комедия, драма, экшн және трагедия жанрлары тоғысады. Лента - 2024-ші жыл мен 1994-те орын алған оқиғаны баяндайды.

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер

- Кинопродюсер атануыңызбен құттықтаймын!

- 7 жыл осы саланы зерттедім. Жаңағы ыстық суығын бәрін көрдім. Кейбіреулер айтып жатыр ғой енді, әнші болып жүре берсей, анау мынау деген сияқты. Ең басты сұрақ қоймай тұрып айта салайын мен өзім, бұл кинода өзім ойнамаймын.

Фильм толықтай Қызғызстанның Бішкек және Токмак қалаларында 1 ай көлемінде таспаланады. Бас кейіпкер – Рамазан Амантай.

Рамазан Амантай, актер

- Бішкектен бір туғандардан сәлем! Екі елдің арасында бір махаббат бар екен. Бәрібір қазақтар келді деген біздің статусымыз бар екен.

Дархан Сәркенов, режиссер

- Қателеспесем Қырғызстандық командада атсалысып жатыр иә?

- Киномыздың 80 пайызы қырғыздық әріптестерден тұрады.

- Не себепті Бішкек қаласын таңдадыңыздар?

- 90-шы жылға сай ғимараттар, локациялар сақталған.

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер

- Бұл жобаға енді кім сізді қолдап келді, кім сізді сынап келді?

- Әр сахнада ТОП жұлдыздар түсіп жатыр. Кино саласының ішінде жүргеннен кейін бізде ана тегін деген сияқты нәрселер болып кетеді ғой сіз біз десіп, десе де барлығына төленеді.

Рамазан Амантай, актер

- Бұл жерде каст күшті таңдалды деп ойлаймын. Андай болған жоқ, інім болған соң түсесің деген, барлығы режиссермен таңдалды.

Еламан Есентаев, актер

- Мен бұл фильмде жәй ғана актер емеспін, водитель болып кетемін, администратор болып кетемін. В общем Серік ағамызды бүйтіп көтеріп жүрміз ғой.

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер

- Шыңғыс деген інім бар бізде «Пейіш» білесіз ғой, сол киноны біздің Қазақстанға өткізген, жаңағы Өзбекстанға апарған сондай бір бизнес продюсер ғой сату жағының. Нұрлан Нәсіп деген бауырым бар өзімнің жақын досым және Мейірбек Атабек деген аға дасымыз бар.

- Олар қандай қолдау көрсетіп жатыр?

- Қырғызстанда да тұсауы кесілетін фильм болады. Сол Қырғызстандағы саундтректі осы Нұрлан Нәсіп пен Мейірбек Атабеков жазады.

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер

- Қаражаттыңыздың демеушісі бар ма? Әлде өзіңіздің жиған тергеніңізді салдыңыз ба?

- Осыған дейін жинаған абыройымыз бар. Мейрамбек ағамыз кішкене қолдап ақыл-кеңесін беріп, таныс тамырларын бір белгілі бір суммада әзірге бір қарыз алып, көлігімізді сатып сүйтіп сүйтіп жоқтан бар жасап.

Өнердегі әріптестерінен бөлек, Серік Ибрагимовке жақындары да қаржылай қолдау білдірген.

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер

- Ауылда жүріп Абзал Атақожаев деген інім бар. 3-4 жыл ақша жинап, 2022 жылғы машина алған ғой Кореядан 12,5 млн-ға алып келіпті. 12 млн теңгелік машинаны алды да срочно продам деп. түсірілім осындай, түш түш дей береді, мен бастық болсам да қиын, менің аузымды жабады, менен де бастықтар көп. Сол 10 млн теңгеге сатып жіберіп. Сондай осы қайтармай кетсең десең иә.

Бас кейіпкер Рамазан Амантайдың әкесі - Қуандық Шәкіржанов. Ал өнер иесінің өмірдегі туған ұлы Жақсылық Айтқұрман актердің жас кезін сомдайды.

Жақсылық Айтқұрман, актер, Қ. Шәкіржановтың ұлы

- Бұл ең маңызды фильмдердің біреуі деп айтсам болады, әкем екеуіміздің түсіп жатқан. Әкемнің жас кезін ойнаймын.

Сценарий синопсисі бойынша толықметрде әке мен баланың қарым-қатынасы көрсетілген. Жоба авторлары әзіл арқылы астарлап отбасылық проблемаларды көрсетеміз деп отыр.

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер

- Фильмнің месседжі қандай болмақ?

- Месседж деген не?

- Посылы, ойы?

- Күліп тұрып, жылайтын дүниелер болады деп ойлаймын. Сценарийін оқып отырған кезде: «Неге? не үшін?», - деп андай рөлдегі адамдар үшін актерлар үшін, жанын беріп кейбір кезде жылап қала жаздап сүйтіп тұрдым.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- «Заман-BACK» комедиясы ТМД елдерінің нарығына арнайы таспаланып жатыр. Картинаны отандық көрерменнен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Әзербайжан елдері тамашалай алмақ. Ендеше жобаның нәтижесін бірге күтеміз.

Еламан Есентаев, актер

- Құрметті Отандастар, осы жылы «Заман-BACK» фильмі шығады, міндетті түрде келіп көріңіздер, қолдап кетіңіздер!