Димаш Әділет, инвестор
- Жақында ғана 29 жасқа толдыңыз...
– Уақыт деген зымырап жатыр. Қас-қағымда осы жыл да өтіп кетті. Тағдырға шағымым жоқ. Қазір гармонияда өмір сүріп жатырмын.
20 жылға жуық Швейцарияның Женева қаласында тұратын инвестор, соңғы кездері елге жиі келетін болған. Мақсаты – Қазақстандық бизнесмендермен серіктесу.
Димаш Әділет, инвестор
- Қазақстанға жиі келіп жүрсіз ба?
– Бұрыңғыға қарағанда қазір жиі келетін болдым. Елде менің отбасым, достарым бар, жазды осы жақта өткіземін деп жоспарлап отырмын.
- Отбасынган бөлек Қазақстанда, бизнес жағынан, жұмыс жағынан ұсыныс түспей ма?
– Ұсыныс көп түсіп жатыр, кезекте тұрған бірнеше жоба бар. Соның басым бөлігі Қазақстанда. Алдағы 1 жыл бойы жұмыс барысымен елде боламын деген ойдамын.
Спорт, стиль және гольф ойнау! Димаш Әділеттің қызығушылықтары осы. Ол сондай-ақ әлемінің түкпір-түкпірін аралап travel блог түсіреді.
Димаш Әділет, инвестор
- Ал шетелдегі жобаларыңыз қалай болып жатыр?
– Бәрі тамаша, рақмет. Бастысы ниет болса барлық жұмысқа үлгересің. Мен бірнеше елде қатар жұмыс істеп жүрмін. Бірақ қанша дегенмен Қазақстан мен үшін бірінші орында.
Екі жыл бұрын «Холостяк» шоуының қатысушысы болған Димаш Әділет әлі күнге дейін шаңырақ көтермеді. Талай қыздың крашына айналған сұраныстағы сүрбойдақ қалауындағы аруды кездестірмедім деп отыр.
Димаш Әділет, инвестор
- Ал әлі күнге дейін «холостяк»-сіз ба?
– Иә, мен әлі күнге дейін бойдақпын. Бұл статустан қашан құтылатынымды білмеймін, өзім де тағатсыздана тосып жүрмін. Әзірге еш нәтиже жоқ.