«Миллиондық» Қанат Тасханды, Сабина Мовлаева туралы сұрақтар шаршатқан ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қанат пен Сабина жүре ме? Бұл соңғы кездегі актуалды сұрақтардың бірі. Алыстан орағытпай көкейдегіні Тасхан-тегінің өзіне тікелей қойдық. «Миллиондық» сері бұл тақырыптан шаршаған сияқты. Қияқы жауап қатты.

– Сабина екеуіңізді соңғы кезде жиі көреміз. Не байланыстырады?

Қанат Тасхан, әзілкеш:

– Қатыным ғой ол менің.

Қанаттан мардымды жауап ала алмағаннан кейін сауалымызды Сабинаға да жолдап көрдік.

– Енді ел арасында Қанат екеуің туралы алып-қашпа әңгіме көп. Өзің нүктесін қойшы?

Сабина Мовлаева, блогер:

– Канаааа... Деп ше... Көмектесші пожалуйста! Мен уже талай бәріне айтып тастадым ғой. Что біз доспыз деп.

  • Бірақ әлі сенбей жатыр ғой жұрт.
  • Бәрі сенбесе ладно. Сіз сенуіңіз керек қой.
  • Мен халықтың атынан сөйлеймін ғой.
  • Мамммааа...

– Достықтарыңның пайызын өлшегенде неше деген көрсеткішке жетеді?

Сабина Мовлаева, блогер:

– Тоқсан тоғыз. Вот честно.

– Жалпы бір бірлеріңе жиі сыйлық бересіңдер иә?

Сабина Мовлаева, блогер:

– Иә. Білмеймін. Айтады ғой сыйлық берсең, сыйластығың арта түседі деген сияқты.

– Ең қымбат сыйлығың оған берген?

– Луи витон. 300 мың.

  • Одан алған? Брилиант қой деймін иә қателеспесем?
  • Жоқ. Туған күніме подарок берген. Ақшалай сыйлық.
  • 1 миллион?

– Ну... Болады.

  • Дым айтпайды ғой.
  • Бір нөлін алып таста.
  • 100 мың ба не?
  • Қалжың.

Сабинадан сұрап, суырып ала алмағынымызды Қанатқа қойдық.

– Туған күнінде күшті сыйлық берген екенсіз. Не бердіңіз?

Қанат Тасхан, әзілкеш:

– Сабинаның ба? Не бердім е? Айтатын ақша емес. Арзымайтын ақша.

  • Бірақ ол сізге луи витоннан ремень берген екен. Бүгін тағып келген, көзіндей қылып Сабинаның.
  • Ойбай, иә. Тағып жүрмесең ұрсады бұл.