Аты аңызға айналған ұжымның тректеріне негізделген киномюзикл режиссері – Фархад Шәріпов. Картина авторы, Байғали Серкебаев түсірілім командасының әрбір мүшесін зерттеп, өзі таңдаған көрінеді. 6 айда аяқталу керек болған фильм 2 жылға созылды. Десе де, Байғали мырза мұның бәрін жақсылыққа балап отыр.
Байғали Серкебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Работа над фильмом началась наверное более 5 лет назад... \муж\-Фильмге дайындықты 5 жыл бұрын бастадым. Түсірілім тобын, режиссерді тыңғылықты іздедім, жұмыстарын қарап таңдадым. 2022 жылы басталған жұмыс бүгінге дейін созылды. Көптеген кедергілер, қиын би сахналары, әр әнді жаңарту ұзақ уақытты алды. Соған қарамастан біз өз дегенімізге жеттік. Қазір соңғы сахналарын таспалаудамыз.
Лентада «А-студионың» халық арасында кең тараған әндері шырқалмақ. Жаңа тыныс алған синглдар көп ұзамай музыкалық платформаларда жарияланады.
Байғали Серкебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Мы работали около 18-19 треков...\муж\ - Фильмге топтың 19 ға жуық әнін қолдандық. Тректің барлығын дерлік замануи өңдеуден өткіздік. Олар қайтадан туылып, жаңа деммен тыңдарманға оралады десем де болады.
Картина музыка әлемін бағындыруды аңсаған Бейбіт есімді жігіт жайлы. Жас музыкант достарымен бірге топ құрып, танымал болудың жолдарын іздейді. Басты рөлде – Кемеңгер Оралов. Актер осы жобы үшін арнайы би мен вокалдан сабақ алған.
Кемеңгер Оралов, актер:
– 7 ай бойы вокалда болдым, биде, балетте болдым. Нешетүрлі кружоктарда болдым, степте болдым. Солардың арқасында біраз өзіме деген сенімділікті арттырдым.
Сондай-ақ, түсірілім алаңынан Арман Дәулетияровты да байқадық. «А-студионың» Мәскеудегі мансабы басталған кезде медиатұлғаның үлесі орасан зор болған. Ең қызығы, Дәулетияров киноға түсуге өзі сұранған.
- Камео ретінде өз өзіңізді сомдадыңыз,иә? Қалай болды?
Арман Дәулетияров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Вы знаете, это мой не первый опыт в кино...\муж\ - Бұл менің кинодағы бірінші тәжірибем емес. Десе де түсірілімнен ерекше ләззат алудамын. «А-студио», оның әндері менің өміріммен егіз ұғым. 25 жылға жуық топпен бірге Мәскеуде бірге болдық, барлығын бірге көрдік. Сондықтан бұл кинода бой көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Туынды жоспарланғаннан бастап мен түскім келеді деп сұрадым.
Картина ағымдағы жылдың қыркүйек айында көрермен назарына ұсынылмақ. Серкебаев мюзиклдың «А-студио» әндері секілді халықтың көңілінен шығатынына сенімді.
Байғали Серкебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Естественно этот проект мы хотим чтобы он был коммерческим...\муж\- Картина халыққа кең таралғанын қалаймын. Тек элиталар көретін туынды боп, шаң басқанын құп көрмеймін. Керісінше өз көрерменін тапқан, сөйте тұра коммерция жағынан да ұтымды жоба болғанын қалаймын. Үмітім зор.