Айсұлу Ахимова, нумеролог:
- Ең бірінші кезекте үлкен тәжірибе деп ойлаймын. Психологияда 20, нурмерологияда жүргеніме 15 жылдай болып қалды. Осы уақыт аралығында бойыма жиған білімді, халықпен кітап арқылы бөліскім келді.
Айсұлу белгілі актер Дінмұхамед Ахимовтың қызы. Халық әртісі: бұл өткен жылы жарық көруі керек кітап еді. Бірақ 75 жасқа толу мерейтойыма орай, маған арнап жинақ шығарған-ды,-дейді. Актердың өзі сандарға аса қызықпайтын болып шықты.
Дінмұхамед Ахимов, ҚР Халық әртісі:
- Біз енді орысша айтқанда, древний қазақтармыз ғой. Біздің заманда нумерология ешнәрсе болмаған. Сол себепті мен оны онша түсінбеймін да. Оны түсіну үшін маған қайтадан оқу керек. Жас 76-ға келді.
Ал Малик Рузиев пен Ахимованың айнымас достықтары осыдан 10 жыл бұрын басталған. Ол кезде Айсұлу радио эфирге қонаққа келіпті.
Малик Рузиев, радиожүргізуші:
- Нумерология қатты ұнайды. Бұл бағытқа махаббатымды ашқан Айсұлу. Бастапқыда скептик едім. Бірде түйіні бір жылдан бері шешілмей жүрген құжаттарымның қашан, қай уақытта дайын болатынын сандарға қарап айтып берді. Дәл келді ғой.