Қазына Әбдіғапбар @kazyna_91:
Жасыл желекті өзеннің жағасы, 10 мыңға жуық көрермен мен open air. «Сходим фесттеміз».
Фест әдеттегідей, жиналған жұртқа аспан астында глэмпингте демалуға, түрлі жәрмеңкелерді тамашалауға және стендап пен фри стайл дэнс сахнасында көңіл көтеруге мүмкіндік сыйлады.
Фест шымылдығын 104 лақап атымен танымал рэпер ашты.
Көрермен Қазақстандық хип-хоп өкілдері – «Captown» тобын да ерекше қарсы алды. 4 жылдан бері Мәскеуде тұрақтаған ұжым туған жердің сахнасын сағынып қалыпты.
Алып шаһардан ат басын бұрған Captown-дықтарға «С любовью» трегінің соңында Рауан Ахмедов қосылды.
Қазына Әбдіғапбар @kazyna_91:
С4954 00:01 - Актер Рауанды Captown-мен бірге сахнада көргенде барлығы таң қалды, бұл қалай болды?
Рауан Ахмедов, актер:
- Москваға барған кезде жеке танысып Captown группасымен сондай танысу болды. Жаңа тұрады да «кеттік кеттік» дейді, қайда деймін сахнаға дейді. Сонымен, мә, күшті эмоция.
Қазақстандық рэперлер қыздырған сахнаны Ресейлік «Pompeya» ұжымы одан сайын жандандыра түсті.
Даниил Брод, «Pompeya» тобының вокалисті:
- Прекрасный фестиваль, публика я даже не знаю что сказать...\муж\ - Фестиваль керемет өтіп жатыр. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осындай кештерде, әсіресе дәл осындай салқын самал есіп тұрған ашық аспан астында өнер көрсету бізге шабыт сыйлайды.
«Pompeya»-лық музыкантты таңдандырған тек бұл ғана емес.
Даниил Брод, «Pompeya» тобының вокалисті:
- А мне понравилась девочка, которая перед нами выступала.
-Janel, да?
- Janel, да? \муж\- Маған біздің алдымызда өнер көрсеткен Жанель деген өнерпаз қатты ұнады. Сахна сыртында тобымызбен тамсана тамашаладық.
18+ форматындағы концерттің ең жас қонағы – Janel. Ол кәмілетке тек бір аптадан соң ғана толмақ. Алайда, кештің жарқын жұлдызы болуға еш кедергі жасамады.
Қазына Әбдіғапбар @kazyna_91:
– Janel, бүгінгі образыңыз қазақтың Моанасы сияқты болып тұр.
Janel, әнші:
-Иә, менде сондай стиль, ерекше.
- Публика қалай қарсы алды, атмосферасы ұнады ма?
-О, атмосфера вообще күшті, керемет.
Yenlik, сахнадан түскен бойда, өзін қолдап келген жарына алып-ұшты. Жас отбасы Садраддиннің әніне тербеліп, көппен бірге көңіл көтерді.
Ал, Румыниялық Fly Project ұжымы евродэнс стиліндегі тректерімен ғана емес, мың бұрала билеген бишісімен де тоғанды нағыз сауық алаңына айналдырды.
Кеш хедлайнері - Feduk. Onep air-дің арнайы қонағы Федор болғанымен, нағыз тосынсыйды Скриптонит жасады. Көпшілік фест сахнасынан қазақстандық Адильді әсте күтпеген-ді.
Қазына Әбдіғапбар @kazyna_91:
- Трендтегі әндер мен нағыз жазғы туса. Аспан астындағы ауқымды кеш қонақтары бұл жолы да тоғаннан қайтқысы жоқ. Сходим фестте жүздескенше.