Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бүгін жаздың жарқын фесттерінің бірі – Level up-тамыз! Көкжиектегі кеште: ИК, Назима, Аяу, All Davai әндетеді.
Open air-ге кіл түлектер келді. Ал салтанат шымылдығын ашқан «All Davai-лық» Шоқан Маратұлы. Ол осыдан 23 жыл бұрын заңгер мамандығын тәмәмдаған. Шоқаннан университетті бітіру кеші қалай өткенін сұрап көрдік.
Шоқан Маратұлы, «All Davai» тобының әншісі:
Университетті бітіру кешінде қандай қызықтар болсын? Төбелестік. Мен өзімнің жап-жаңа қызыл туфлим мен аппақ костюмымды бүлдіріп алдым.
Ал Аяу әлі студент әртістердің қатарында. Сылқымнан сол естен кетпес шақ туралы сұрадық:
Ayau, әнші:
– Мен өте-өте жақсы студент болдым. А жоқ. Мен колледжде кішкене бұзық болдым. Сабақтан көп қалатынмын. Қазір консерваторияда өте жақсы студентпін. Менде повышка.
– Естен кетпес бір оқиға бар ма?
– Студенттік өмірден ба? Біз әрқашан бір отырыстарға жиналған кезде немесе самолетпен басқа жаққа, поездбен басқа жаққа баратын болсақ, міндетті түрде өзіміздің шығармаларымызды хормен айтатынбыз және әрқайсысымыз жеке-жеке дирижерлайтынбыз.
Танымалдылық күтпеген жерден келген Мoreart екі рет университетке түскен. Бірақ ешқайсысын аяқтамаған. Бірінші мәрте заңгерлікке, сосын кино және тв режиссерына тапсырған.
– Өзіңіз қандай студент болдыңыз?
Moreart, рэпер:
– Мен жаман студент болдым негізі. Параға бармай, үйде жатып, 50 cent-ті тыңдап сондай студент болғам мен деген. Бірақ қазір студенттерге айтарым біреу: пацаны, девочки учитесь! Раньше это было не важно. Сейчас это очень важно.
ИК-лық Алдияр Жапархановтың да қандай студент болғанын сұрап білдік. Бірақ әртіс қазіргі таңда тек сыныптастарымен қарым-қатынастарын сақтап қалғанын айтады.
Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының әншісі:
– Мен аса қатты сабақ оқыған жоқпын. Бірақ маған керек сабақтарды оқыдым және де «Жайдарман» ойнағам иә көбінесе негізі.
– Мектеп және университет бітіру кеші сізде қалай өтті? Есте қалған қандай қызық оқиғаңыз бар?
– Мектеп бітіру кеші әрине есімде қалды. Бірақ студенттік бітіру кеші болған жоқ та.
- Неге?
- Білмеймін. Қазір группаластарыммен де аса қатты араласпаймын негізі. Ал сыныптастарым ол роднойлар. Бәріміз біргеміз әлі.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Түлектерге арналған кеш осымен тәмәм. Ал дипломдарын жаңа алған жас түлектерге ақ жол дейміз!