Шәріп Серік түсірілім барысында көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Махаббат, достық, сатқындық! Бұл тіркестер «Оянды қазақ» фильміне арқау болған. Шәріп Серік, Ақбота-Нұр Сейітмағамбет және Қуаныш Бейсеғалиев басты рөлді сомдайтын туынды – шынайы оқиғаға негізделген.

 

Шәріп Серік үшін бұл жоба ерекше. Актер киномансабында алғаш рет қауіпті трюкті өзі жасады. Шако тіпті каскадердан да бас тартқан. Сюжет желісі бойынша Шакентидің кейіпкері мас күйінде көпқабатты үйдің төбесінен байқаусызда құлап кетеді.

Шәріп Серік, актер

- Енді не айтамын, бүгін таңертең тұрып, бұлай болады деп ойлаған жоқпын, бұл сахнаны қашан түсіреді деп ойлап жүр едім, бірден екінші сменаға қойды. Бірден былай крышадан секіретін сахна, бұл менің практикамда бірінші рет болып тұр. Қорқынышты екен.

Шако фильм үшін шашын өсіріп, имиджін өзгерткен. Себебі лентада 90-шы жылдардағы оқиға суреттеледі.

Шәріп Серік, актер

- Бәрі, бәрі тарих үшін, халық үшін деп айтсам болады Менің кейіпкерім крышадан құлап қалады. Ол деген кішігірім ревность, қызғанып, сүйтіп, өзі кішкене мастау, қызғанып тұрған кезде аяғы тайып құлайды.

Ал түсірілім алаңында Шакентидің қауіпсіздігіне «Nomad Stunts» каскадерлдар командасы жауапты болды.

Шәріп Серік, актер

- Олар деген тек қана каскадер емес, олар менің ағаларым ғой, осмы кино әлеміне келгеннен кейін «Районы» деген кинодан бастап, танимыз бір-бірмізді. Сондықтан да оларға сенбегенде кімге сенесің.

Шәріп Серіктің кейіпкері ғашықтық дертін емдей алмай, ішімдікке салынынып кетеді. Себепкер ару – Ақбота-Нұр Сейтімағамбет. Шаконың қауіпті сахнасын көрген актриса, келесі кезек өзінде екенін айтып қалды.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса, әнші

- Алдағы уақытта осыған ұқсас кішкене өзгешелеу менде де бір сахнам бар сол үшін қатты қобалып тұрмын. Бірақ актермін актермін деп кейбір моменттерден отказ беруім мүмкін, себебі менің бала шағам өсіп келе жатыр деген сияқты, артымда бүлдіршіндерім бар деген сияқты.

Десе де, Ақбота-Нұр да өнер үшін жан пида деп қойып кететін сәттердің жиі болатынын айтады.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса, әнші

- Ол жағынан мен жақсы адаммын, жақсы актрисамын десең... Түркияда Каш деген қаласында түсіріп келген болатынмыз 1 ай, ол жақта да каскадерлармен дайындық болып, 1 апталық дайындықтан кейін төбелес, атыс-патыс сондай сахналар болды да, ол кезде де өзіме жеке каскадер сұраған жоқпын.

Үш достың бірі – Қуаныш Бейсеғалиев. Актер да Шако сынды, Ақботаға ғашық.

Қуаныш Бейсеғалиев, актер

- Енді мен Ақботамен бірінші рет партнер болып тұрған жоқпын, өйткені Ақботаның бір рет ағасы, қайын ағасы болып ойнадым, бір рет күйеуі болып ойнадым. Енді осы жолы тағы да ғашығы болып ойнап жатырмын. *04:46 Бір-бірімізге бауыр басып қалғанбыз.

Кинотуынды мотивациялық. Ал фильмнің форматына келер болсақ, көрермен флешбекпен түрлі уақытты тамашалайды.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса, әнші

- Ия. Негізі бұл жерде 90-шы жылдардан бастап 2024-ке дейінгі аралықтағы уақытты көрсетеді. Бүгін сіздер келіп тұрғандарыңыз сол 90-шы жылдардағы мендегі образ, қатты сынамаңыздар.

1990-2024 жылдар аралығы көрсететілетін фильмде киногерлер актерларды гримм арқылы өзгертіп отырады.

Жандос Еспенбетов, режиссер

- Қуанышты негізгі кейіпкер өмірдегі болған кейіпкерге ұқсастығы жағынан таңдадық. Ал Шакентидің образы біз ана «темпоритм» дейді ғой сценарий жазылып жатқанда Шакентиді елестеттік. Осы Шакенти алып шығады деп.