Алмагүл Сағындық енді Dj! Актриса неге музыкамен айналысып кетті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кинодан – сахнаға! Алмагүл Сағындық диджейлікке біраз уақыттан бері машықтанған. Актриса электронды музыка мен техниканы зерттеп, диск-жокей боламын деп шешіпті. Алманың айтуынша «өнерде шек те, шектеу де жоқ».

Алмагүл Сағындық, актриса

- Жалпы мен жаңа дүниені үйренгенді жақсы көремін. Режиссерлыққа да бардым, актриса да болдым. Dj-да боламын. Егер тағы да қолымнан келіп жатса, өнердің көптеген дүниелерді үйренуге дайынмын. Ол маған артық етпейді.

 

Энергетика, драйв және эмоция! Dj ALMA-ның музыка саласына бет бұруындағы мақсаты – тыңдарманға ерекше сезім сыйлау. Актриса микшерді таңдауыма қаражатың қатысы жоқ деп отыр.

Алмагүл Сағындық, актриса

- Ешқандай ондай ой жоқ қаражат табу деген сияқты. Жәй ғана жанымның қалауы.

 

Алмагүл Сағындықтың алғашқы диджей-сеты «TÓBE» музыкалық бірлестігі ұйымдастырған «UDERIS» концертінде өтті. Араға 2 жыл салып сахнаға оралған лейбл әртістері, кешке барын салып дайындалған. Тіпті қара жұмысты да істеген өнерпаздардың өздері.

Алмагүл Сағындық, актриса

- Біз сахнаны да өзіміз құрамыз, декорацияны да өзіміз жасаймыз. Бәрін өз қолымызбен істейміз.

ARShAT, музыкант

- Біз әрқашан жанды дауыста выступать еткенді қолдап тұрамыз. Өзіміз де барған жерімізде жанды дауыста әндетеміз. Оған қоса әртістердің өзінің творчествалық жолына өзі шағын продюсер деп айтсақ болады.

 

«UDERIS» – Қуанышбек Нұрғазының алғашқы соло кеші. «TÓBE»-лік музыкантты қолдап өнердегі әріптестері келген. Солардың бірі – Мәди Рымбаев. Олардың ортақ дуэті бар.

Мәди Рымбаев, музыкант

- Мен оған ұыныс жасаған болатынмын, ол бірден келісті. Контрастировать ететін әртіс шақырамын деп шештім, менің таңдауым Қуанышбекке түсті.

Қуанышбек Нұрғазы, музыкант

- Мақсат – қазақ музыкасын бір жаңа леп алып келіп әлемге таныту.

Кеш спектакль форматында. Еске салсақ Қуанышбек Нұрғазы – кәсіби актер. Ол «LABORATORY 316» тәуелсіз театрында өнер көрсеткен-ді. Ал әншілікке 2021 жылы келген.

Алмагүл Сағындық, актриса

- Мен Қуанышбекті «недооцененный» әртіс ретінде санаймын. Ол заманауи ақын, заманауи жыршы, заманның ауыртпалығын, қайғысын, қасіретін бейнесін айтатын ақын.

Қуанышбек Нұрғазы, музыкант

- Жалпы өзім жеңіл ән жазғым келмейді. Барынша боқауыз қоспауға тырысамын. Адамдарға жақсы ой, біздің тіліміздің бай екенін көрсеткім келеді.