Тиктокты жарған «Му Ион бразерс» тобы Қазақстандық киноға түсіп, Алматыға келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

-Қайрат Әділгерей жемқорлармен күресін жалғастыруда. Елдің ақшасын қайтару мақсатында аспан асты еліне аттанады. Енді ол шаолиньде кунг-фу өнерінен мастер! «Хотя бы кинода -3». Премьерадамыз.

- Премьера құтты болсын.

-Рақмет.

-Енді сізді кунг-фудан мастер дей берсек бола ма?

Қайрат Әділгерей, актер:

-Иә, почти что айта берсеңіздер болады. Өйткені кунг-фу шаолиндік боевое исскуствоның біраз нәрсесін көрдік өз көзіммен. 2-3 күндей уақытты бөлдік, өйткені бізде каскадерлармен төбелес болды, сол сахна ұзақ сахна болды. Оған біз қатты дайындалдық. Және де сол жақта шаолин мектебінің ұстаздары бізге кәдімгідей біраз нәрсені үйретті.

Актер сценарий бойынша әуелде Джеки Чанмен жекпе-жекке шығу керек болған. Алайда әлемдік жұлдыздың уақыты тығыз болғандықтан, жоспар орындалмай қалды.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Өкінішке орай, Джеки Чанның кестесі алдын ала бір жыл бұрын жазылып қояды екен. Ол айтты «мен түсуге ешқандай қарсылығым жоқ Өйткені Димаштың жерлестерісіздер, мен Димашты қалай сыйласам, бүкіл қазақ елін солай сыйлаймын, құрметтеймін. Бірақ мен тек қыркүйектің аяқ жағына қарай босаймын.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Енді Джеки Чанның рөлі кімге бұйырды? Аманғалиға ма?

- Аманғалиға.

Аманғали Сыпабеков, актер:

- Бірінші кином болғаннан кейін, мен өзім басымда қобалжу бар.

- Қайратқа жаусыз ба, демек?

- Жаумын.

- Не істейсіз, төбелесесіз ба?

- Таза қытаймын, қытаймын Қайратты ұра алмай жүр ем, ұрып-ұрып алдым, Қанатпен әттең кинода кездесе алмадым.

Қанат Әлжапбаров премьерада да төбе көрсетпеді. Есесіне, Қытайдан арнайы келген қонақтар көрермен көзайымына айналды.

Тиктокты дәл осы әнімен жарған азиялық Му Ион Бразерс тобы Уче, Ули, Лавза атты ағайыннан құралған. Ең үлкені 34 жаста. Бүгінде атылмыш платформада олардың видеолары 64 миллион қаралым жинаған.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

-Қош келіпсіздер

Muуun Brоthers:

- Қазақстанның киногерлеріне алғысымыз шексіз. Атағымызды одан әрі асқақтатып жатқанына ризамыз. Әнімізді халық өте жылы қабылдады.

- Көп рақмет сіздерге

Бұдан бөлек, картинада Қайрат Әділгерейді кунг-фуға баулыған басты кейіпкер де келді. Сахнада жауынгерлік өнерін көрсетіп баршаны таңдандырған қытайлық актер, өмірде де шаолинь мектебінің оқушысы екен.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Қазақстандық көрермен қалай қарсы алып жатыр?

Shi Hengshao, актер:

  • Қазақ халқы бізді өте жақсы қарсы алды. Әуежайдан түсе сала жылы қабақ танытып, үнемі амандасып, күліп жүретін жандарды көрдім. Ревю, сәлем!

Еске салсақ, фильм бас продюсері әрі актриса Нұргүл Даубаева. Фильмде шаолинь мінәжатханасы ұстазының қызын сомдайды.

- Бүгінде біреуді ұрып, сындырасыз ба деп ойлап едік...

Нұргүл Даубаева, продюсер, актриса:

- Бірақ бамбук сындырдым. Ол жақта бамбукты біздер сындырған кезде айыппұл бар екен. Мен фильмға беріліп кеткенім соншалық, шынайы ұрып қойып содан кейін екінші рет қайтадан дубль жасауымызға тура келді.

-Штраф төлеген жоқсыз ба?

-Штраф төледік 35 мың теңге

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Қайрат Әділгерейдің жемқорлармен күресі қаншалықты нәтижелі болмақ? Шаолинь мінәжатханасында таспаланған «Хотя бы кинода 3» алдыңғы бөлімдерінен көбірек табыс әкеле ме? Уақыт пен бокс-офис көрсетеді.