Эксклюзив! Мерей Абилова ақ келін атанғаннан кейін алғаш рет сұқбат берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгін Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабының қолжазбасы, Майк Тайсонның қолы қойылған картинасы бәссаудаға түседі. Лоттардың арасында, Түркиялық «Бешикташ» футбол клубының барлық ойыншыларының қолтаңбасы қойылған Бахтияр Зайнутдиновтың жейдесі де бар. Бастапқы бағасы – 3 миллион теңге.

Қайырымдылық жасау негізінде ұйымдастырылған бәссаудада блогер Мерей Абилованы кезіктірдік. Мерей кешке жалғыз келмеген. Жанында жұбайы Димаш Қашкен де болды.

– Менде бүгін эксклюзив! Димаш Қашкен мен Мерейден алғаш рет бірге сұқбат алайын деп тұрмын. Сұқбат жеке өмір, басқадан бұрын бүгінгі аукционға қатысты. Бұрын соңды бәссаудаға қатысып көрдіңіздер ма?

Мерей Абилова, блогер:

– Бұл негізі шыны керек бірінші рет келіп тұрмыз. Шақырғаннан кейін, шақырған жерден қалмайық деп. Барлық лоттар күшті болып тұр ғой шыны керек. Қазір көреміз енді. Мүмкін алып та қалармыз.

  • Мүмкін иә алуларыңыз?
  • Мүмкін.

Димаш Қашкен, футболшы:

  • Расында барлық лоттар ерекше. Бірақ көзіме айырықша түскені Мұхаммед Әлидің боксерлық соққы қабы. Аңыз адам ғой. Сол үшін таласуға болады.

Қонақтар назарына ұсынылған лоттардың құны 400 мыңнан басталып, 5 миллион теңгеге дейін жетеді. Литвалық «Жальгирис» ойыншысынан, қанша миллионға шығындалуға дайын екенін сұрадық.

– Неше миллионға дейін баруы мүмкін сіздің қалтаңыз?

Димаш Қашкен, футболшы:

– Жағдайдың қалай болатынын, не ұнап қалатынын білмеймін. Мүмкін арамыздағы бір адам ешкімнің шамасы жетпейтін баға ұсынатын шығар. Бәрі мүмкін ғой.

Аукциондағы ең қымбат лоттардың бірі «Оян, қазақ!» лентасында қолданылған кітаптың қолжазбасы, майшам мен Міржақып Дулатұлын сомадаған Бақыт Қажыбаевтың суреті.

– Бақыт аға, білетін шығарсыз бүгінгі бәссаудадағы ең қымбат лоттардың бірі ол – «Оян, қазақ» фильмінің реквизиттері. Атап айтқанда, «Оян, қазақ» кітабының қолжазбасы. Хабарыңыз бар шығар.

Бақыт Қажыбаев, актер:

– Иә, хабарым бар. Өйткені бұл ісшараға арнайы ұшып келдім мен. Бұл енді түпнұсқасы емес. Бірден айтып кетейік осы жерде. Сол кинодағы қолданған реквизит кітабы.

«Оян, қазақ!» лентасында қолданылған үш реквизит 6 миллионға сатылды. Бас-аяғы 7 лот саудаға түсіп, жалпы құны 30 миллион теңге жиналды. Бәссаудада бағы жанған қонақтар, жасырын қалуды қалады.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Кештен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға және қатерлі ісікпен ауыратын балаларға жіберіледі.